Бағалау әдісі: «Тазалық» ойыны. (Чемодан, қоқыс жәшігі, еттартқыш)
Жеке жұмыс: «Ой қорыту әдісі». «Мәселенің шешімін табыңдар»
1-топ.14 және 16 жастағы екі жасөспірім кешке өз аудандарында серуендеп жүріп, бірнеше телефон – автоматтардың трубкаларын жұлып алады. Ол іс – әрекеттері полиция нарядымен тоқтатылады.
Кім және қандай тәртіппен жауапқа тартылады?
2-топ.Азамат Л. көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жол полициясы тоқтатты. Л.деген азаматқа қандай әкімшілік жаза қолданылады?
3-топ.2019 жылдың 8-наурызында 24:00 де азамат М.өз үйінің подъезінде дауыстап өлең айтты.Көршісінің тоқтат деген талабын тыңдамай, одан әрі жалғастырды.Көрші учаскелік инспекторға телефон соқты.
М.құқықбұзушылық жасады ма?Көрші дұрыс істеді ма?Осы жағдайды сен қалай шешер едің?
Бағалау әдісі: «Сэндвич» 1-бөлік - позитивті комментарий, не ұнады
2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек
3-бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы...
Қалыптастырушы бағалау:
Қоғам. қатынастар
Ерекшелігі
субъектісі
объектісі
Норм-құқық. құжат
Азаматтық
Әкімшілік
Дескриптор: 1.Қоғамдық қатынастарды реттейді.
2.Әкімшілік құқықтың ерекшеліктерін нақты айтады.
3.Әкімшілік құқықтың субъектілер атап көрсетеді.
4.Әкімшілік құқық ұғымын түсінеді.