№1 тапсырма. Word – бағдарламасында өз аттарың бойынша дайындалған мәтіндік құжаттарыңды ашып, соңына жаңа бет қосыңдар. Осы қосылған жаңа бетке төмендегі үлгі бойынша фигураларды салыңдар және түстері осыған сәйкес келсін.
№2 тапсырма.
№1 тапсырманың соңына жаңа бет қосыңдар және осы қосылған жаңа бетке төмендегі үлгі бойынша кесте құрыңдар.
260 топ
1
2
3
4
5
Төмендегі сұрақтарға жауап берейік: Excel бағдарламасындағы жұмыс парағын компьютерден көрсете отырып, қысқаша таныстырыңдар (Жұмыс парағы деген не? Ол неше жол, неше бағаннан тұрады? Олар қалай таңбаланады? Әрбір парақтың аты қай жерде көрініп тұрады?).
Электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі қалай аталыды? Оның адресі қалай жазылады? Экранда сұралған адрестер (мысалы, C4, В7, G9) бойынша көрсетіңдер.
Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің қандай типтерін енгізе аламыз? Excel-де енгізілген сандық және мәтіндік мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың қай жағына орналасады?
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру(20 минут)
Сабақтың тақырыбы: Электрондық кесте құру және форматтау
Осы сабақтың негізгі мақсаты: Электрондық кесте құру және форматтауды сабақ барысында үйрене отырып, меңгерген теориялық білімдерін тәжірибелік жұмыстар жасауға, тапсырмалар орындауға қолдану.
Excel-де даярланатын құжат Жұмыс кітабы деп аталатынын біз алдынғы сабақтан білеміз. Сол бойынша «260 - топ» деген атпен жұмыс кітабын құрайық. Ол үшін Microsoft Excel 2010 бағдарламасын қоысып, ашылған жұмыс кітабын «260 - топ» деген атпен сақтайық.