Тілдік мақсат
|
Пәнге қатысты терминдер:
Электр тізбегі- электрический цепь- electric-circuit
Ток көзі- источник тока-current source
Электрлік сызба-электрическая схема-electrical fittings
Өткізгіш- проводник-wire
|
|
Тілдік мақсатқа байланысты талқылауға арналған сұрақтар:
Электросызбалардың шартты белгілері дегеніміз не?
Электр тізбегі дегеніміз не?
Электр тізбегі не үшін қажет?
Электр тізбегі қанша элементтен тұрады?
Электр тізбегі элементтері бір-бірімен қалай байланысады?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Өзін-өзі тәрбиелеу
Топтық жұмыс жасауда бірігіп еңбек етеді.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Физика, сызу
|
Бастапқы білім
|
Электр энергиясы көздері туралы жалпы мәліметтер.
|
Жоспар
|
|
Жоспарланған уақыт есебі
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
ресурстар
|
Басы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу.
Топқа бөлу
«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу. «ток көзі» және «қабылдағыш» сөздері жазылған қима қағаздарын таңдау арқылы топқа бөлу
Оқушылардың назарын шоғырландыру. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары мен сабақ соңында күтілетін нәтижелерін анықтау.
«Миға шабуыл»
«Көзбен көру айғағы» әдісі арқылы оқушыларға элетросызбалардың шартты белгілері туралы бейнеролик көрсету.
Оқушылардан электр тізбегі туралы сұрау.
«Поп корн» әдісі арқылы сұрақ-жауап жүргіземін.
Бұл әдіс арқылы мынадай сұрақтар қоямын.
Электр тізбегі қанша элементтен тұрады?
Электр тізбегі элементтері бір-бірімен қалай байланысады?
Дескриптор:
Оқушы электр тізбегінің қажеттілігін анықтайды.
Электр тізбегінің элементтерін түсінеді.
(ҚБ) «Бас бармақ» әдісімен бағалау
Тапсырма.
Екі топқа электр тізбегі схемаларының шартты белгілері бар суреттер беріледі. Осы суреттерді пайдалана отырып, электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерімен танысады. Екі топ шартты белгілерді пайдалана отырып, электр тізбегінің сызбасын салады.
Дескриптор:
Электросызбаның шартты белгілерін атайды;
Электросызбасындағы шартты белгілерін сызады .
(ҚБ) «Шапалақ» әдісімен бағалау
|
Қима қағаздар
Бейнеролик
|
Ортасы
|
Практикалық жұмыс.
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтемін.
Шартты белгілерді пайдалана отырып, электр сызбаға сай элементтерді жинақтап, электр тізбегін жасайды.
Дескриптор:
Оқушылар электр тізбегінің элементтерін зерттейді.
Электр тізбегі элементтерімен танысады.
Мұғалімнің басшылығымен электр тізбегін құрастырады.
|