Далалық зерттеу әдістері Далалық зерттеу әдістерінің ерекшелігін түсіндір.
Мектеп ауласын зерттеудің жоспарын жасаңдар,
Осы жоспарды құжат ретінде рәсімдеңіздер.
Осы сіздер жасаған жоспарды басқа адамдар және география пәні мұғалімі қалай пайдалана алатынын түсіндіріңіздер.
№ 2 топ Картографиялық әдіс. Мәтінді және атластағы тақырыптық карталарды пайдалана отырып, (физикалық, климаттық, су ресурстары карталарын пайдаланып),
Қазақстанның қай бөлігінен ірі су көздері ағатынын анықтаңыздар;
Осы өзендердің осы аймақтарда орналасу себептерін анықтаңыздар;
Өзендердің бағыттарын анықтаңыздар;
Өзен бағытының себептерін анықтаңыздар;
В. Шаруашылықты оқып – үйренгенде және күнделікті өмірімізде осы мәліметтерді қалай және не үшін пйдаланатынымызды түсіндіріңдер;
№ 3 топ . Теориялық әдіс.
Берілген мәтінді оқып, теориялық әдіс не екенін түсіндіріңіздер.
«Солтүстік – батыс Каспий жағалауындағы 1954-1993 жылдар аралығындағы ақбөкендер саны» графигін талдаңыздар. Осы жылдар аралығында ақбөкендер саны қалай өзгергенін анықтаңыздар.
Ақбөкендер саны мен оның себептерінің арасындағы байланысты анықтаңыздар.
Теориялық зерттеу әдістерін білу бізге не үшін қажет екендігін түсіндіріңіздер.
Бағалау критерийлері:
Географиялық зерттеу әдістерін қалай пайдалануды түсіндіре алады.
Сабақтың соңы 35-40 минут
Кері байланыс. Кері байланыс парағы толтырылады «Ойды жалғастыр».
Маған қызық болғаны ...
Менің түсінгенім ...
Маған қиын болғаны ...
Келесі сабақта білгім келетіні ...
Үйге тапсырма:
«Google Maps» картасынан өз ауылыңны
(қалаңды) тауып, жер бедерін сипаттау.