Қауіпсіздік техникасы Гимнастика қауіпсіздік техникасын қайталау, әнгімелесу, түсіндіру, көрсету. Қауіпсіздік техникасын журналына оқушылар тансыну арнайы аты жөніне қарама- қарсы қол қояды.
Мектепте және денешынықтыру сабағында тәртіп ережелерін сақтауды жүруді қайталау, түсіндіру, әнгімелесу.
(Б, Ж, Ф) Арқандағы жаттығулар Үш әдіспен өрмелеу. Б.қ. – тік қолмен салбырап тұру.
1 – аяқты алдыға қарай бүгу және арқанды табанмен іліп алу (біріншісінің алқымымен және екінші аяқтың өкшесімен). Арқанды ілмекпен бекітуге болады. Бұл жағда йда ол жамбас сыртынан және бір аяқтың сирағынан өтеуі және табанның ішкі бөлігімен жабысуы керек (арқанды іліп алу әдісі оның қаттылығы мен қалыңдығына байланысты: жіңішке және жұмсақ арқанды ілмекпен іліп алуға болады).
2 – іліп алуды босаңсытпай, оларды жазу (итеріліп) және қолды бүгу.
3 – қолды жоғарыға кезектесіп ұстап алу және арқанды аяқпен іліп алуды жібермей б.қ. оралу.
Екі тәсілмен өрмелеу. Екі тәсілмен арқанға өрмелеудің екі нұсқасы бар.
Бірінші нұсқасы.
Б.қ. – тік қолмен салбырап тұру, екінші қол иек деңгейінде арқанды ұстап тұрады.
1 – аяқты алдыға іліп тұрып, арқанды үш әдіспен өрмелегендегідей іліп алу.
2 – аяқты жазып тұрып (итеріліп), бір қолмен тартылу, ал екіншісімен жоғарыдан арқанды ұстап алу.
Екінші нұсқасы. Б.қ. – тік қолмен салбырау.
1 – қолмен тартылып тұрып, аяқты бүгу және олармен арқанды іліп алу.
2 – аяқты жазып тұрып ( итеріліп), арқанды қолмен ұстап алу, яғни тік қолмен салбырауға өту.
Бұл суретте көрсетілгендей гимнастикаға арнайы жаттығуларді орындау қажет. Қауіпсіздік ережені сақтау біледі.
Бастапқы тұрысқа дұрыс тұрады.
Сабақтың соңы
демалу тынысын қалпына түсіру жаттығулары . қатарға тұрғызу орындыққа отырғызу . сабаққа қорытынды жасау . үйге тапсырма беру Таңғы жалпы дамытаттын жаттығу жасау
Рефлексия:
Сабақта нені үйрендік?
Сұрақтарға жауап береді?
Нені білдім нені түсіндім?
Нені толық түсінбедім ?
Қандай жұмысты жалғастыру қажет?
Сабақтын басында аталған мақсаттарға қол жеткіздім бе?