Сабақ тақырыбы: Хаттама стектерінің түрлері. Тср/ір хаттамасының стегі



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі30,37 Kb.
#14501
түріСабақ
1   2
IPX/SPX стегі.

Бұл стек Novell фирмасы 80-ші жылдардың басында өзінің желілік NetWare операциялық жүйесі үшін жасап шығарған хаттамаларының түпнұсқа стегі болып табылады. Стекке атау берген Internetwork Packet Exchange (IPX) және Sequenced Packet Exchange (SPX) хаттамалары, IPX/SPX-ке қарағанда едәуір аз дәрежеде таралған Xerox фирмасының XNS хаттамаларының тікелей бейімделуі болып табылады. Орнату саны бойынша IPX/SPX хаттамалары көшбасшы, және бұл NetWare ОЖ-сінің өзі әлемдік ауқымда шамамен 65% үлеспен орнатылған көшбасшы жағдайында болуына байланысты.

Novell фирмасының хаттамаларының топтамасы және олардың үлгілерінің ISO/OSI үлгілеріне сәйкестігі 2.10 суретте көрсетілген. Физикалық және арналық деңгейлерде Novell желілерінде осы деңгейдің барлық әйгілі хаттамалары қолданылады (Ethernet, Token Ring, FDDI және басқалары)

Желілік деңгейде Novell стегінде IPX хаттамасы және де RIP NLSP (TCP/IP стегінің OSPF хаттамасына ұқсас) маршруттық ақпаратпен алмасу хаттамасы жұмыс істейді. IPX Novell желілерінде дестелерді адрестеу және маршруттау сұрақтармен айналысатын хаттама болып табылады. IPX маршруттық шешімдері оның дестесінің тақырыбындағы адрестік өрістерге, және де маршруттық ақпаратты алмасу хаттамаларынан келіп түсетін ақпаратқа негізделген. Мысалы, IPX дестелерді беру керек компьюбтерге немесе келесі маршрутизаторға беру үшін не болмаса RIP хаттамасы беретін, не болмаса NLSP (NetWare Link State Protocol) хаттамасы беретін ақпаратты қолданады. Өз жұмысында IPX сондай-ақ SAP жоғарғы деңгейінің хаттамасын да қолданады. IPX хаттамасы хабарламаларды алмасудың тек қана дейтаграммалық әдісін қолдайды, соның есебінен есептеу ресурстарын үнемді пайдаланады. Сонымен, IPX хаттамасы үш функцияның орындалуын қамтамасыз етеді: адресті беру, маршрутты орнату және дейтаграммаларды тарату.



Novell стегінде OSI үлгісінің көліктік деңгейіне хабарламаларды қосылыстар орнату арқылы беруді іске асыратын SPX хаттамасы сәйкес келеді.

Жоғарғы қолданбалы, өкілдік және сеанстық деңгейлерде NCP және SAP хаттамалары жұмыс істейді. NCP (NetWare Core Protocol) хаттамасы NetWare серверінің және жұмысшы станцияның қабықшасының өзара әрекеттесу хаттамасы болып табылады. Бұл қолданбалы деңгей хаттамасы клиент-сервер сәулетін OSI үлгісінің жоғарғы деңгейінде жүзеге асырады. Осы хаттаманың функцияларының көмегімен жұмысшы станция серверге қосылуды жүргізеді, сервер каталогтарын дискжетектерінің жергілікті әріптерінде көрсетеді, сервердің файлдық жүйесін қарап шығады, өшірілген файлдарды көшіреді, олардың атрибуттарын өзгертеді және т.б., және де принт-серверде қашықтықтағы баспаға шығаруды іске асырады. NCP хаттамалары Novell желісінің түпнұсқа хаттамасы болып табылады және басқа желілерде қолданылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет