Сабақтың ортасы
10 минут
8 минут
7 минут
2 минут
8 минут
1 минут
|
ІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Қиық конустың бүйір бетінің ауданы табандарындағы шеңберлердің ұзындықтарының жарым қосындысының оның жасаушысына көбейтіндісіне тең;
Қиық конустың толық бетінің ауданы бүйір бетінің ауданы мен табандарының аудандарының қосындысына тең.
Жалпы сыныптық жұмыс
Оқулықтағы №3,59 есеп
Бер: қиық конус
R=6cм
r=3см
l=5см
S =?
дескриптор
Қиық конустың сызбасын сызады;
Қиық конустың элементтерін біледі;
Қиық конустың толық бетінің ауданының формуласын қолданып, есепті дұрыс шығара алады.
Бағалау: үш шапалақ
Оқушылар! Сіздер ұшқыр ойлы, алғыр зейінді, көзі ашық, көкірегі ояу жансыздар. Биыл 11-сыныпты бітіріп, арман-мақсаттарыңызға қарай самғай ұшқалы отырсыздар. Олай болса таңдаған ЖОО түсу үшін ҰБТ-дан шектік балл жинау қажет яғни сертификат алуымыз керек. Ол үшін біз бірнеше кезеңдерден өтіп, тапсырма орындауымыз қажет.
«ЖОО сертификат»
№1. Табандарының радиустары 3 см және 6 см, ал биіктігі 4 см қиық конустың жасаушысын есептеп табыңдар.
Берілгені: қиық конус
BO=3 см , AO1=6 см, OO1=4см
Табу керек: АВ.
Шешуі:
Қиық конустың өстік қимасын ABCD қарастырамыз;
BC=2OB=6 см, AD=2OA=12 см,
CD=
Бағалау: сертификат
«ЖОО 50% грантының сертификаты»
Қиық конустың жасаушысы, биіктігі, үлкен табанының радиусы сәйкесінше 26 см-ге, 24 см-ге, 22 см-ге тең. Осы конустың бүйір бетінің ауданын табу керек.
Бер: қиық конус
R=22cм
һ=24см
l=26см
S =?
Жауабы: 884 см2
Бағалау: сертификат
«ЖОО 100% грантының сертификаты»
Егер қиық конустың биіктігі 3 см, ал үстіңгі және астынғы табандарының диаметрлері сәйкесінше 12 см және 20 см-ге тең болса, осы қиық конустың жасаушысын және толық беттері ауданын табыңыздар.
Бер: қиық конус
D=20cм
D=12см
һ=3см
l=?
S =?
Жауабы: 5см, 216
Бағалау: сертификат
Қалыптастырушы бағалау
|