Сабақ тақырыбы Интерьерге арналған 2D/3D сәндік бұйымдарды жасау



Дата05.05.2023
өлшемі47,81 Kb.
#90156
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ 8 А


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: №5

Мерзімі: 19.04.2023

Мұғалімнің аты-жөні: Казтуганова Р.Н

Сынып: 8 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Интерьерге арналған 2D/3D сәндік бұйымдарды жасау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.1-Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізделген сыни ұсыныстар жасау.
8.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Сабақ мақсаттары

Жұмысты орындау үшін əртүрлі əдістер мен материалдарды ұсынады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут
3 минут

  1. Ұйымдастыру.

1.Сәлеметсіңдер ме оқушылар?
2.Көңіл күйлерің қалай?
Бүгін біз «Үй мәдениеті» бөлімі бойынша сабағымызды жалғастырамыз.
Қане оқушылар ортаға шығып, сергіп алайық.
Психологиялық ахуал туғызу. «classroom»
тренингін өткізу.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.
Ендеше бүгінгі сабақта 2 топқа бөлінеміз.
Оқушыларды QR код арқылы топқа бөлу.

  1. топ «Түймедақ»

  2. топ «Лалагүл»

Спиннер әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.
1.Тұрмысты жақсартуға, сәндеуге көп көңіл бөлген әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі?
2.2Д форматындағы бұйымдарды ата?
3. 3Д форматындағы бұйымдарды ата?
Оқу мақсатымен таныстыру. Сабақтың тақырыбымен байланыстыру.


Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады.
Лифт әдісін қолданамын.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар

Қима қағаздар


АКТ



Сабақтың ортасы
3 минут
10 минут

5 минут


15 минут

-Өте жақсы балалар.
Сонымен балалар интерьер дегеніміз ол ғимараттың ішкі кеңістігі не ғимараттағы бөлме, бөлме ішінің жабдықталуы. Бөлмені безендіру үшін әртүрлі бұйымдарды пайдалануға болады. Ең бастысы - интерьер адамның мінезіне, дағдысы, дүниетанымына сәйкес болуы керек. Интерьер дизайны тұтастай бір идеяға құрылып,жекелеген элементтері өзара үйлесуі керек.
Топтық жұмыс
Тарсия әдісі бойынша тапсырма беремін. Сұрақ пен жауапты сәйкестендіріп, фигура шығарамыз.
2 топ жауабын тауып, талқылайды.
Дескрипторы:

  • жауабын тауып талқылайды.

  • Фигураны дұрыс орналастырады.

Қауіпсіздік ережелерінің маңызы мен сақтық шараларын еске түсіру.
Өткен сабақта сендер интерьерді 2Д/ 3 Д картинасымен безендіруге арналған құрал-жабдықтармен таныс болдыңыздар. Бүгін сендер өткен сабақта дайындалған лентадан жасалған гүлдерден 3 Д картина жасайтын боласыңдар. Жасалған картинаны топ болып таныстыру
Дескриторы:
-Әр түрлі заттардан бұйым жасай алады.

  • Бұйымды жасауда түстерін, пішіндерін үйлестіре отырып жасай алады.

  • Ыстық клеймен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

  • Дайын болған жұмысты әр топ шығып таныстырады.




Кері байланыс. Жұмыс барысында қандай қиындықтар туындады?

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар
АКТ

Сабақ соңы
2 минут.

«тик ток» әдісі бойынша кері байланыс алу.
Сабақта не қолдарыңыздан келді?
Сабақта не қолдарыңыздан келмеді?
Жұмысыңызды жақсарту үшін не істейсіз?

6. Жұмыс орнын жинау.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады

Тапсырма орындауға қажетті құралдар


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет