1.Ұйымдастыру . Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру
Мақсаты:оқушыларды сабаққа әзірлеу, қолайлы орта қалыптастыру.
Сабақтың ортасы
10 мин
10 мин
7 мин
8 мин
2.Жаңа материалды меңгерту. Мақсаты:негізгі ұғымдарды оқып үйрену
2.1Оқушылардан өмірде қандай да бір оқиғаның пайда болу немесе болмауын қалай өлшейтіндігін сұралады. Олар қандай сөздерді немесе сөз тіркестерін қолданатындары жайлы ой бөліседі.
Жұптық жұмыс. Тапсырма :Берілген оқиғаларды пайда болу сипатына қарай кестеге орналастыру ұсынылады .
а) Адам жарты ғасыр өмір сүреді (жауабы: мүмкін емес)
ә) Тиынды лақтырғанда елтаңба жағы түседі. (тең мүмкіндікті)
б) Шілде айында Оралда қар жауады (мүмкін, бірақ өте сирек, яғни бұл оқиғаның мүмкіндігі. өте төмен)
в) Осы аптада мен тамақ ішемін (ақиқат).
г) Ойын сүйегін лақтырғанда 5 саны түседі (мүмкіндігі төмен, 2 саны ойын сүйегінің тек бір жағында, ал қалған бес жағында 2-ден өзге сандар).
ғ) Ойын сүйегін лақтырғанда жұп саны түседі (тең мүмкіндікті, өйткені жұп сандар мен тақ сандар саны тең).
Бағалау:үлгі бойынша жұптар бірін- бірі бағалайды;
Ұжымдық жұмыс. 2.2 Бейнематериал көру Бейнематериалға қойылатын сұрақтар:
1) Кездейсоқ оқиғаларды қандай түрлерге ажыратамыз ;
2) Тиындарға байланысты элементар оқиғаларды атап көрсетіңіз;
3)Тиындарға байланысты мүмкін емес оқиғаны атаңыз;
Бағалау: жеке оқушыларды мұғалім бағалайды;
3. Жұптық жұмыс. Жұмыс парағындағы анықтамалармен танысу және тапсырманы орындау
Мақсаты: жаңа білімді игерту;
Тапсырма 1: а) Тиын екі рет тасталды. Элементар оқиғалар кеңістігі неше элементтен тұрады және қандай?