Сабақ тақырыбы Жай механизмдер. «Механиканың алтын ережесі»



Дата03.06.2022
өлшемі53,14 Kb.
#36290
түріСабақ

Физика сабағына жоспары

Сыныбы

7 сынып

Пәні

Физика

Мұғалімнің аты-жөні

Алимбекова Б.Б

Сабақ тақырыбы

Жай механизмдер. «Механиканың алтын ережесі».

Оқу мақсаты

7.2.4.1-«Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру.
7.2.4.2.-күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру



Іс –әрекет түрі

Оқып қысқаша конспект жаз

Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар жай механизмдер деп аталады


Жай механизмдерге мыналар жатады: иіндік, блок, шығыр, көлбеу жазықтық және оның өзге түрлері: сына, бұранда.




d1-жұмысшы күшінің иіні,
d2-жүктің ауырлық күшінің иіні,
Ғ1-жұмысшының жасайтын күші,
Ғ2-көтеретін дененің ауырлық күші.
Жұмысшы күшінің иіні ауырлық күшінің иінінен неше есе үлкен болса, жұмысы күштен сонша есе ұтады. Әр түрлі иіндіктер тұрмыста жиі қолданылады. Мысалы: Блок дегеніміз-өз осінің төңірегінен айнала қозғала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершік. Жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайтын блок жылжымайтын блок деп аталады
Жылжымайтын блокты теңиінді иіндік деп қарастыруға болады.Ондай блок күштен ұтыс бермейді,бірақ күш әрекетінің бағытын өзгертуге мүмкіндік жасайды.
Жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырса, ондай блок жылжымалы блок деп аталады.Ал жылжымалы блок күштен екі есе ұтыс береді.
Төмендегі суреттен біз массасы m денені L көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты қозғай отырып,h биіктікке көтерейік.Сонда ол денеге екі күш әрекет етеді:
mg-ауырлық күші,Ғ-тарту күші.Үйкеліс күші ескерілмейді.Денені көлбеу жазықтықтың бойымен тарту күшіне бағыттас жылжытқанда оның орын ауыстыруы L ұзындыққа сәйкес келеді.Сонда Ғ тарту күшінің істейтін жұмысы А=ҒL.Дене Һ биіктікке көтерілгенде,оның Жер бетімен салыстырғандағы потенциалдық энергиясы
∆Епп2п1=mgh шамасына өседі.Энергияның бұл өзгерісі денені көлбеу жазықтықтың бойымен жылжытқанда жасалған жұмысқа тең:А=∆Еп=mgh
Бұдан Р=mg екенін ескеріп,ҒL=Ph теңдігін аламыз немесе F/P=h/L.Бұл қатынастан мынадай қорытынды туындайды:көлбеу жазықтықтың бойымен денеге әрекет ететін тарту күші оның ауырлық күшінен неше есе кем болса.көлбеу жазықтықтың ұзындығы оның биіктігінен сонша есе артық болады.
Сонымен «Механиканың алтын ережесі» былайша тұжырымдалады:жай механизмдерді пайдаланып,күштен қанша есе ұтсақ,жолдан сонша есе ұтыламыз

Оқы

Сілтеме: видео, презентация, мұғалмінің түсіндірмесі, интернет-ресурстары , оқулық
беттері
1.§36.157-160 бет.
2.Видеосабақ көру.Жай механизмдер.https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/zhai-mexanizmder
3.https://www.youtube.com/watch?v=yNmCaxPlj9I

Сұрақтар

Тақырып бойынша мұғалімнің сұрақтары :
1.Қандай механизмдер жай механизмдер деп аталады?Жай механизмдерге мысалдар келтір.
2.Жай механизмдердің қандай түрлерін білесіңдер?
3.Жай механизмдер жұмыстан ұтыс береді ме?
4.Иіндікті не үшін қолданады?



Орында

Міндетті деңгей
1 Тапсырма
формуласын түрлендір
2 тапсырма
Есеп:
Иіндіктің кіші иініне 300 Н күш, ал үлкен иініне 20 Н күш түсті. Кіші иіннің ұзындығы 5 см, үлкен иіннің ұзындығын анықтаңдар.

Рефлексия

Мен білемін жай механизмдерге жатады..........................







Оқушымен кері байланыс
( ауызша бағалау немесе комментарий)



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет