Сабақ тақырыбы: Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы Сабақтың оқу мақсаты



Дата13.01.2023
өлшемі438,31 Kb.
#61230
түріСабақ
Байланысты:
Гульшат


ФИЗИКА САБАҒЫН ЖОСПАРЛАУ
РЕФЛЕКСИЯСЫ
Абай облысы,Үржар ауданы
«сағат орта мектебі» КММ
Физика пәнінің мұғалімі: Нургалиева Г.Г
8 сынып
Сабақ тақырыбы:
    • Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы

Сабақтың оқу мақсаты:

Сабақтың мақсаты:
    • жылу алмасу процесі кезінде алған, берген жылу мөлшерін есептейді.;
    • Әр заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсінеді.
    • ЕҚБ оқушылар:Жылу алмасу процесінде берген жылу мөлшері мен алған жылу мөлшерін ажыратады.

Ойлау дағдыларының деңгейі
    • Білу мен түсіну

«Араластырғыш» әдісі арқылы топқа біріктіру
«Серпілген сауал» әдісі
Үй тапсырмасын тексеру
«Эпиграф» әдісі- бейне-жазба көрсету
«Миға шабуыл» әдісі Топтық жұмыс
«Жүйрік болсаң жетіп көр» әдісі
Құрылымданған тапсырма беріледі
«Ия немесе жоқ» әдісі
Функционалдық сауаттылық тапсырма
«Пирамида» әдісі
Рефлексия
ЕБҚ -ТАПСЫРМАСЫ
Жылу мөлшерінің физикалық мәнін сипаттайды.
Сілтеме арқылы өтіп тақырыпқа байланысты бейнежазба көру арқылы тапсырмалар орындайды https://www.youtube.com/watch?v=Q4pufQW4igc
1топ-Жылу берілу жолымен дене қызғанда берілетін (немесе суығанда олар шығаратын) жылу мөлшері дененің температурасының өзгеруі мен массасына қалай тәуелді?
2топ-Меншікті жылу сыйымдылығы заттың тегіне тәуелді ме? Мысал кетір
Ойлау дағдысы:
Білу мен түсіну
«Жүйрік болсаң жетіп көр» әдісі
жұптық жұмыс
(Құрылымданған тапсырма)
Температурасы 25°С болатын салмағы 0,8 кг аралас су және салмағы 0,2 кг болатын 100°С температурадағы су. Алынған қоспаның температурасы өлшеніп, 40°С екені анықталды.
1. Ыстық су суыған кезде бөлетін жылу мөлшерін және қыздырғанда суық су қанша жылу алатынын есептеңіз.
2. Осы жылу мөлшерін салыстырыңыз.
3. Меншікті жылу сыйымдылықтың физикалық маңызын сипаттайды (ЕҚБ)
«Иә немесе жоқ» әдісі
Жұптық жұмыс
(Функционалды сауаттылық тапсырмасы)

Сұрақтар

«иә» немесе «жоқ»

Көліктегі заттар қатты күйде болды


Екі заттың да температурасы бірдей болады


Бірнеше минуттан соң су қайнай бастады


Бірнеше минуттан соң шегелер қызды


Марат көлігінің багажына бір бөтелке сумен бірнеше шегелерді салып қойды. Күн көзінде көп тұрған көліктің іші 40градусқа дейін ысыды.
Багаждағы заттар қандай күйде екендігін «иә»немесе «жоқ» сөздерімен түсіндір. Егер осы шегелерді судың ішіне салса,қандай құбылыс өтер еді?Түсіндірме жасаңыз.Судың алған және шегеге берген жылу мөлшерін салыстырыңыз.
ЕҚБ: Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда берілетін жылу мөлшерін есептейді

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет