Мәтін бойынша сұрақтар: Қазақстанда қандай мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары бар? Аккредитациядан неше оқу орны өтті? Жоғары оқу орындарының оқыту жүйесі, оқыту формалары, оқыту тілдері қандай? Көбінесе оқытудың қандай үлгілері қолданылады? Бакалавр дипломын алып шыққан студенттер өз білімдерін қайда жалғастыра алады? Жоғары оқу орындарының білім жүйесі қай мекемеге бағынады?
Ауызша және жазбаша жауап беріңіз.
Қандай жоғары оқу орны туралы толық білгіңіз келеді?
Қандай мамандық түрлері ұнайды?
Жоғары оқу орындарындағы қандай мәселелер туралы айтқыңыз келеді?
Болашақ мамандығыңыздың қай саласын жетік білгіңіз келеді?
Сұхбат құрыңыз.
Тапсырма; Сіз университетте оқитын досыңызды кездестірдіңіз. Оған оқу ұнай ма, қандай пәндерді оқиды, қандай қоғамдық жұмыстарға араласатыны туралы сұраңыз. Өзіңіз туралы айтыңыз, бос уақытыңызды қалай өткізетіндігіңізді айтыңыз.
Сұхбат кезінде оқыту етістігін әртүрлі мағынада қолданыңыз: меңгеру, үйрену, сабақ алу, үйрету, білім беру, білім алу.
Қарамен жазылған сөздер мен сөз тіркестерін мәтіндегі
синоним сөздермен ауыстырыңыздар.
Біздің елде көптеген мемлекеттік білім ордалары бар.
Соның ішінде ерекше аталған 8 жоғары оқу орнын атауға болады.
Онда білімді мамандар дайындайды.
Оқытудың мемлекеттік емес жүйесі кең дами бастады.
Жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесі 4-5 жылға созылады.