(Қ, Ө) Оқушылардан Scratch библиотекасындағы дайын костюмдерін ауыстыру программасын сұраңыз. Оқушылардан спрайт библиотекасындағы екіден артық костюмы бар нысанды анықтауын сұраңыз. Спрайтқа сахна бойынша жылжуға мүмкіндік беретін скрипт құрастыру қажет. Егер костюмдер рет ретімен ауысып отырса, онда «следующий костюм» деген команданы қолдану жөн. Егер белгілі бір костюмді кию керек болса, «сменить костюм на …» командасы қолданылады.
(Ұ)Кірістірілген циклды жүзеге асыру арқылы кейіпкердің костюмдерді ауыстыра отырып, сахнаның периметрі бойынша жылжуын сыныппен бірге талқылаңыз.
Оқушыларды циклде берілген іс-әрекеттер төрт рет қайталанатыны туралы қорытындыға жеткізу қажет.
Дескрипторы:
- айнымалыларды қолдана алады;
- кірістірілген қайталау операторын жүзеге асыра алады;
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Ой толғаныс кезеңі. Бірнеше костюмдерді қолдану арқылы қолдар мен аяқтарын қимылдататын анимация жасауға болады. Бұл мүмкіндік ойынды әлдеқайда көрнекі қылады. Нысандардың костюмдерімен жұмыс жасау үшін внешность бөлімінде орналасқан командалар қолданылады:
Мысықтың қозғалыс траекториясын көру үшін (көрнекілік үшін), оқушыларға қаламмен сурет салу командасын скриптқа қосуды ұсыныңыз.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Ұстазға хат» кері байланыс.