Сабақ тақырыбы. Кіріспе. Омыртқасыздар зоологиясы жеке ғылым ретінде. Сабақ жоспары



бет21/56
Дата17.04.2023
өлшемі177,48 Kb.
#83523
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56
Ланцетниктің көбеюі және дамуы. Ланцетниктердің көбеюы және дамуын бірінші рет А. О, Ковалевский зерттеген. Бұл зерттеудің үлкен маңызы бар. Өйткені, өте қарапайым хордалылардың дамуын зерттеудің нәтижесінде қазіргі тіршілік ететін хордалылар тегінін, ертеде қалай дамығаны туралы керекті мәліметтер алуға болады. Сонымен қатар ланцетниктің эмбриональдық дамуы басқа хордалылардың эмбриональдық дамуының қарапайым, схемалық көрінісі болып саналады. Уылдырықтарын шашуы және олардың ұрықтануы әдетте кешкі уақытта болады. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Кеште ұрықтанған жұмыртқа, түн ортасында гаструлалық даму кезеңіне жетіп үлгіреді. Жұмыртқанын бөліне бастаған мезгілінен 36 сағаттан соң, ұрықтың аузы және алғашқы желбезек саңылауы қалыптасады. Жұмыртқалары ұсак және олардың сары уызы аз болады. Сомитте мына төмендегі органдардың нұсқалары бар екендігі байқалды: сомиттің ішкі төменгі бөлімін—склеротом деп атайды. Ол хорданы, нерв түтігін, жүзу қанаттарын, тірек қауырсындарын қаптап тұратын дәнекер қынаптарын құрайтын клеткаларды түзеді және одан миосепталар да қалыптасуы мүмкін. Сомиттің хордаға тиіп жататын бөлімін миотом деп атайды Бұдан тұлға еттері пайда болады. Сомиттің сыртқы бөлімі тері жапырақшасы деп аталады. Бұдан терінің дәнекер қа,баты — кутис пайда болады.
Осы кезде тіршілік ететін бас сүйексіздердің тегі туралы, палеонтологияда ешбір маглұматтар жоқ. Сондықтан да, бұл жануарлар тобының тегі туралы, салыстырмалы анатомия мен эмбриологияның мағлұматтарына ғана қарап қорытынды жасауға тура келеді. Академик А. Н. Северцевтің айтуынша, бас сүйексіздердің тегі еркін жүзе алатын екі жақты симметриялы жануарлар болған. Олардың атриальдык қуысы болмаған, хордасы бас бөліміне жетіңкіремеген. Желбезек саңылаулары аз болған (17-20) және оларда симметриялы түрде орналасқан. Сол алғашқы бас сүйексіздерден екі бұтақ тараған. Біреуі—еркін жүзіп жүріп тіршілік ететін омыртқалардың шығуына себепші болған топ та, екшші — жай қозғалуға су түбінде топырақты қазып тіршілік етуге бейім-делгендері. Бұдан осы заманда тіршілік ететін бас сүйексіздер-дің ата тектері шыққан болуы мүмкін.

4.Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда омыртқалылардың құрылысы анағұрлым күрделі болады. Омыртқалылардың көпшілігі бір жерден екінші жерге барып, қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге әрекет етеді. Омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделуі, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты; мысалы, олардың бас миы жақсы жетілген.


Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады: дөңгелек ауыздылар (сусlоstоmаtа), балықтар (ріsсеs), қос мекенділер (аmрһіbіа), бауырымен жорғалаушылар (герtilіа)„ құстар (аvез), сүт қоректілер (mаmmаlіа).
Жалпы сипаттама. Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет