Тақта желбезектілер екі отрядқа бөлінеді: акулалар және скаттар.
Тақта желбезектілердің қабыршақтары плакоидты, әрбір сыртқы желбезек тесіктері денесінің сыртқы бетіне келіп, өз алдына жеке сыртқа ашылады. Басының тұмсық жағында — рос-, трум деп аталатын өсінді болғандықтан ауыз басының астыңғы жағына көлденең саңылау түрінде орналасқан.
Акулалардың денесі ұзынша, ұршық тәрізді болады. Басының екі бүйір жағында 5—7 желбезек саңылаулары бар. Көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады. Оларды брызгальцелер деп атайды. Брызгальцелер жақ пен тіл асты доғасының арасындағы желбезек сақылауларының жұрнағы болып саналады. Денесінің бауыр жағында құйрығының түбінде клеткасы болады. Құйрық қанатының жапырақшалары бір келкі емес. Мысалы, үстіңгі жапырақшасы үлкен де, ал астыңғысы — одан кіші. Сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық қанаты деп атайды.
Бас сүйегі — ми сауытынан, сезім органдарының капсуласынан және рострумнан құралған Ми сауытының төбесі шеміршекпен қапталған. Демек, осы шеміршек ми сауытын тұтасынан жауып тұрмағандықтан оның алдыңғы жағы жарғақпен қапталған. Оны алдыңғы фонтанель деп атайды. Бірінші ауыз омыртқаның бас сүйегімен кірігуі салдарынан бас сүйегінің желке бөлімі пайда болады. Бас сүйегінін, алдыңғы бөлімінен тараған үш шыбық тәрізді шеміршектерден рострум құралады. Желбезек, тіл асты және жақ доғаларынан висцеральдық скелеттің негізі құрылады.
Аяқ скелеттері екі бөлімнен тұрады. Бірінші — аяқтарға тіреу болатын белдеу, екінші — бос төменгі бөлімінің скелеттері. Алдыңғы аяқтардың яғни көкірек қанаттарының белдеуі қалың ет қабатында жатады және ол қанаттарына тірек болады. Бұл белдеу бір ғана шеміршек доғасынан тұрады. Қанаттары бір жақ ұшымен белдеу бөлімше бекісе, ал екінші ұшы денесінің сыртында болады. Белдеу доғасынын, дөңес беті құрсақ жағына қарай бағытталған, демек, белдеу қаңқасы ет қабатына берік орналасқан. Бұл доғаның әрбір жартысының (оң, сол) орта жерінде дөңесі бар. Кеуде қанаттарының ішкі ұштары осыған келіп бекиді.
Артқы аяқ яғни құрсақ қанаттарының белдеуі клоаканың алдыңғы жағында денесіне көлденең орналасқан дара шеміршектен тұрады. Құрсақ қанатының скелетінде бір немесе екі базалиялар ғана болады. Олардың сыртқы жиектеріне радиалиялар орналасады. Дара қанаттардың скелеті радиалиялардан және серпілімді жіпшелерден құралады.