Сабақ ортасы
30 мин
Бекіту
|
Шағын лекция» әдісі арқылы түсіндіру.
Атом құрылысы заттардың құрылыс теориясымен, дәлірек айтқанда химиялық байланыс теориясымен тығыз байланысты. Теорияны оқыту, әдеттегідей коваленттік байланыстан басталады. Коваленттік байланыстың пайда болуы қарапайым молекула – сутек молекуласының түзілуі мысалында жақсы түсіндіріледі:
Н + Н = Н2 ^ Н0= - 436 кДж/моль
.....
+
Радиусы 0,053 нм байланыс ұзындығы 0,074 нм
Атомдар жақындасқанда олардың электрондық бұлттары бүркесіп, ядроларының арасындағы кеңістікте максимал электрон тығыздығы бар молекулалық бұлт түзіледі. Ортақ ядролардың тығыз теріс зонаға тартылуы оларды жақындастырады, байланыс ұзындығы 0,074 нм және тұрақты сутек молекуласын түзіліп, энергия ұтымына әкеледі.
Қарама-қарсы спиндері бар жұптаспаған екі s- электрондарының қосылуын кванттық ұяшықтарда сызбанұсқамен былай белгілейді:
S1 + S1 g 1S2
Демек, ортақ электрондық жұп есебінен жүзеге асырылатын химиялық байланыты коваленттік байланыс деп атайды.
Коваленттік байланыстың екі түрі бар: полюссіз және полюсті. Коваленттік полюссіз байланыста электрондардың жалпы жұбынан түзілген электрон бұлт – байланыс бұлты (тығыз электрондық аймақ деп аталады) екі атомның ядроларына қатысты кеңістікте симметриялы таралады. Мысалы, бір элементтің атомдарынан тұратын молекулалар: Н2, Cl2, N2, O2, F2 және т.б. Коваленттік полюсті байланыстарда бүркесу зонасы электртерістігі үлкен атомға ығысқан. Мысал ретінде газтектес хлорсутектің түзілуін қарастырайық:
®®®®
Н ® + ®Cl: g Н (:) Cl: немесе Н - Сl
®®®®
Байланыс s- және p- электрондардың ортақ жұптарының түзілу есебінен пайда болады. Коваленттік байланыс электрондық орбитальдардың бүркесу тәсілі бойынша да ерекшеленеді.
ЖЖ
Оқушылар білімін тексеру үшін төмендегідей тапсырма беріледі:
1. О2 мен НF молекулаларының электрондық формуласын салыстырыңдар. Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
2. Вr2, Н2S, NН3 молекуласының электрон тығыздығы ығысуы мен ішінара зарядталуын көрсетіп, электрондық және құрылымдық формуласын жаз.
3. Н2О, СО2, N2, NН3, О2, Н2S, НF, F2, СІ2 заттары берілген. Көрсетілген заттардың қайсысы ковалентті полюсті, қайсысы ковалентті полюссіз байланысқан.
|