Термин қазақ тілінде
|
Термин орыс тілінде
|
Термин ағылшын тілінде
|
Дельта-аминолевулин қышқылы- гем синтезінің аралық өнімі, глицин мен сукцинил-КоА әрекеттескенде түзіледі.
|
|
|
Порфобилиноген- гем синтезінің циклді аралық өнімі, дельта-аминолевулин қышқылының екі молекуласы әрекеттескенде түзіледі.
|
|
|
Протопорфирин- порфобилиногеннің төрт молекуласының конденсацияланған өнімі.
|
|
|
Гемсинтетаза- гем синтезінде протопорфирин молекуласынатемірдің еңгізілуі сатысына қатысатын фермент.
|
|
|
Вердоглобин- гемоглобиннің ыдырау өнімі, гем молекуласының бірінші және екінші пиррол сақиналары арсындағы метин көпіршесінің гемоксигеназа әсерінен тотығып ыдырауында түзіледі.
|
|
|
Биливердин-вердоглобиннің ыдырау өнімі, яғни вердоглобин глобин, темір және биливердинге ыдырайды.
|
|
|
Тікелей емес билирубин- биливердин тотықсызданғанда түзілетін өнім.
|
|
|
Тікелей билирубин—глюкурон қышқылымен байланысқан билирубин.
|
|
|
Уробилиноген- ащы ішекте түзілетін гемоглобин ыдырауының аралық өнімі, бауырда түссіз моно- және дипирролдарға ыдырайды.
|
|
|
Стеркобилиноген-тоқ ішекте түзілетін гемоглобин ыдырауының өнімі, ол тотыққанда стеркобилин деген зәр мен нәжістің пигменті түзіледі.
|
|
|
Гиперурикемия – қан плазмасында несеп қышқылының концентрациясының жоғарылауы.
|
|
|
Подагра–несеп қышқылы кристалдарыныңжәне ураттардың буын шеміршектерінде, байламдарда, жұмсақ тіндерде подагралық түйіндер немесе тофустар түзе жиналып, буындардың қабынуы мен нефропатияны тудыратын ауру.
|
|
|
Леша-Нихан синдромы – гиперурикемияның ауыр түрі, бұл гипоксантингуанинфосфорибозилтрансфераза активтілігінің толық жойылуынан дамиды.
|
|
|