Сабақ тақырыбы Л/т. Табыс кілті еңбекте. Ақша және адамдар



бет2/3
Дата10.11.2022
өлшемі27,68 Kb.
#49188
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
8 сабак

2. Айтылым
Тапсырма-1.
Айтылым тапсырмасы (В1) «1 минут» әдісі.
Ең алғашқы тапқан ақшаңыз туралы 1 минуттың ішінде айтып беріңіз.
(Оқытушы секундомердің көмегімен уақытты бақылып тұрады).


2-тапсырма. «Сұхбат алаңы» Өзара жұптасып ақша тақырыбындағы сұхбат сұрақтарына жауап табыңыздар.

  1. Ақшаның рөлі қандай?

............................................................................................................

  1. Адамдардың жағдайының түзелуіне ақша қалай әсер етеді?

...........................................................................................................

  1. Кәсіпкер болып ақша табу өзіңіздің жоспарыңызда бар ма?

............................................................................................................

  1. Кедейліктен қалай құтылуға болады деп ойлайсыз?

...............................................................................................................

  1. Еліміздегі тұрмысы, материалдық жағдайы төмен және толық емес отбасыларға қалай көмектесуге болады? ...........................................................................

  2. Жеке кәсіпкерлікті неден бастар едіңіз? ............................................................

  3. Жұмыс табысты болу үшін не қажет?..........................................................................


3. Оқылым.
1-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыздар. Мағынаны ажыратып, түсініп оқыңыздар.
Ұлттық валюта- теңге
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. Ұлттық теңге тәуелсіз ел болғанымыздың белгісі. Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Алғашқы шығарылымында теңгенің бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынды.Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды.
«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.
Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау.
«Дұрыс —бұрыс» кестесі арқылы мағынаны ажырату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет