Сабақ тақырыбы: Мәдениет: Тіл және қарым-қатынас Күні



Дата28.02.2022
өлшемі31,65 Kb.
#26572
түріСабақ



САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Құрық ауылының №1 орта мектебі КММ

БӨЛІМ:

Мәдениет: Тіл және қарым-қатынас

САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ:

Мәдениет: Тіл және қарым-қатынас

Күні: 02.09.2020ж

Оқытушының аты-жөні: Болтекова Дамеш Советбайқызы

СЫНЫП: 5 «Ә»

Қатысқандар саны:18


Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

5. 1.5.1. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

5.4.1.1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.



Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап бере алады.

Көптеген оқушылар: Тақырыпқа қатысты еркін пікір білдіре алады.

Кейбір оқушылар: Орфографиялық нормаға сай жаза алады.


Бағалау критерийі

Сұрақтарға жауап береді, үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай жазады.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: құндылық, аманат, қарым –қатынас, қажеттілік, теріскен

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: сөйлеу арқылы, күнделікті өмір, кеңес беру, басты құрал

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Мектеп құндылықтары

Ынтымақтастық: жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, сындарлы тіл табу, қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлану сынды қасиетті қамтиды.

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық: әлеуметтік бейімделу мен салауатты өмір салтын меңзейді. Өз мәдениеті мен тіліне деген құрметпен қатар өзге мәдениет пен тіл, құқық, әдеп және көзқарастарға деген құрмет сезімін білдіреді.

Алдыңғы білім

Жаңа сабақ

Жоспар

Жоспарлан ған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


10 минут


Ұйымдастыру бөлімі

оқушылардың сабаққа қатысы

сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін таныстыру.
І тапсырма.

С

«Бұрыш» әдісі

Тіл туралы нақыл сөздердің бірін таңдаңыз және оған қатысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

«Тілі мәңгі жасаған халықтың өзі де өлмейді»

Шыңғыс Айтматов.


«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Қадыр Мырзалиев.

Жетелеуші сұрақтар:


  • Өз таңдауыңызды қалай түсіндіресіз?

  • Бұл нақыл сөздің бүгінгі біздің заманымыздағы маңызы қаншалықты?

  • Автордың айқысы келген астарлы ойы туралы не айта аласың?

  • Нақыл сөз біздің заманымыздың адамдарына қандай жауапкершілік жүктейді? т.б.

Оқушылар нақыл сөздердің бірін таңдап, мағынасын түсіндіреді.




Сабақтың ортасы

10 минут



Үндестік заңы

Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үйлесіп, ыңғайласып келеді. Сөздің бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.

Үндестік заңы екіге бөлінеді: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.

Түбір буынның жуан және жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып бөлінеді. Мысалы: балалар, үйлер, ауылға, көшеде, сыртта т.б. Мұны буын үндестігі дейміз.

Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымша да қатаң болады. Мысалы: жазда, қалаға, мектепте, үйге. Мұны дыбыс үндестігі дейміз.


тақырыптық таныстырылым


Сабақтың соңы

15 минут



ІІ тапсырма.

Ж

Сіз мектеп кітапханасында ұйымдастырылған «Тіл-ұлттық қазына» тақырыбындағы ақын-жазушылармен кездесу кешіне қатыстыңыз. Кештің негізгі қонақтары-Шыңғыс Айтматов, Қадыр Мырзалиев. Шараның жүру барысы мен одан алған әсеріңізді сипаттап, 100 сөз көлемінде досыңызға хат жазыңыз.

Жазылым барысында қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын ескеріңіз.

Ұсынылатын тірек сөздер: құндылық, аманат, қарым –қатынас, қажеттілік, сөйлесу арқылы, күнделікті өмір, кеңес беру, басты құрал .


Бағалау критерийі

Дескриптор

Оқушы:

Хат құрылымын сақтайды. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін сақтайды.


хат жазудың стилін сақтайды

Орфографиялық нормаға сай жазады.

шара барысы мен әсері туралы ақпарат береді

Үндестік заңына сай екендігін анықтайды.


https://www.youtybe.com/watch?v= 8fBTgscua8Y





5 минут

Оқушы жазбасы жүргізіледі.

Үйренгендері туралы ойланады, өзіне қажетті ақпараттарды дәптерге жазып алады (жаңа сөздер, жаңа сөз тіркестері мен жаңа ақпараттар)







Қосымша ақпарат




Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?



Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.








Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет