Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Мәліметтер қоры деген не?
2. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деген не?
3. Қандай мәліметтер қорын басқару жүйесін білесіздер?
4. MS Access 2007 негізгі қызметі?
5. MS Access 2007 нысаналары?
6. Реляциялық мәліметтер қорына анықтама беріңіздер?
MS Access 2007 бағдарламасының негізгі нысаналары:
1-тапсырма. Microsoft Office Access 2007бағдарламасының көмегімен топ студенттерінің мәліметтер қорын құру қажет. Кесте өрістері төменде берілген:
1. Код
2. Тегі
3. Аты
Нұсқау: Бастау=>Бағдарламалар=> Microsoft Office Access 2007 (Пуск=>Программы=>Microsoft Office Access 2007) әмірлер тізбегімен бағдарламаны ашу қажет:
1-сурет.
Осы ашылған терезеден мәліметтер қорының дайын шаблоны арқылы кесте құруға болады немесе Файл=>Құру=>Жаңа мәліметтер қоры (Файл=>Создать=>Новая база данных) әмірінің көмегімен өз қалауыңызша кесте құруға болады. Файл=>Құру (Файл=>Создать) әмірін орындап файлға ат беру керек, мысалы:студенттер.mdb. Файлға ат бергеннен кейін Құру (Создать) батырмасын басу қажет (16.2-сурет):
2-сурет. Жаңа мәліметтер қорын құру терезесі
Кесте құрудың екі әдісі бар: кесте тәртібі және құрылымдаушы. Егер кесте тәртібі таңдалса басты беттегі Өріс және бағаналар (Поле и столбцы) терезесімен жұмыс істеу қажет. Егер кесте құрылымдаушы көмегімен құрылатын болса мәліметтер қоры кестесінің өрістерінің аты және түрі жазылады. Office Access 2007бағдарламасын мәліметтер түрінің 11 түрі бар: мәтіндік, Мемо өрісі, сандық, күн/уақыт, ақшалық, есептеуіш, логикалық, OLE нысанасының өрісі, гиперсілтеме, ендіру және алмастыру шебері.
Студенттер туралы мәліметтер қорының өріс атауларын және түрін енгізу керек (3-сурет):
3-сурет. Конструктор режимінде кесте құру
Енді кестені толтыру қажет.
4-сурет. Кестені толтыру
Форма – берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдету үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады. Форма құрудың 3 тәсілі бар:
- Автоформа.
- Формалар шебері.
- Қолдан құру.
Осы кесте негізінде форма құру үшін Создание мәзірінен Форма батырмасын басу жеткілікті:
5-сурет. Форма
Деректер қоры кестесінен не байланысты кестелерден белгілі шарттарды қанағаттандыратын нәтижелік кесте құруға болады. Негіздік кестемен жаңылыстырмау үшін оны сұраныс объектісі не жай ғана сұраныс деп атайды.
Access – те сұраныс құруға арналған құрал ( ішкі программа ) да сұраныс деп аталады.
Сұранысты өрістерін сортталғантүрде дайындау және оның сандық өріс мәндерінің қосындысын, орта мәнін табу да мүмкін, т.б. Сұраныстың және оны өндеудің негізгі кестеге не кестелерге әсері жоқ.
Сұраныс құрудың түрлі тәсілдері бар:
· Фильтрлеу.
· Қарапайым сұраныс шебері.
· Сұраныстар конструкторы.
Достарыңызбен бөлісу: |