Сабақ тақырыбы: Мұғалім сөзі оқыту мен тәрбиелеу құралы



бет3/6
Дата08.04.2022
өлшемі36,14 Kb.
#30382
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Риторика 2

«Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма - жыл», - дегенінен көруге болады.

Адамның өзін -өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түспейді. Жеке тұлғаның санасының оянуы, оның өзіндік «менің» сезіне бастауы, Абай тілімен айтқанда, бұл кісінің өзіне -өзі ұдайы есеп беруінен, өзін -өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді. Өзіңе -өзің үңіліп, өзіңді тізгіндеуге тырысу, белгілі мақсат көздеу – осы істегі шығармашылыққа бастапқы қадам.



Психологияда өзіндік қажетілік ұғымын американдық ғалым Абрахам Маслоу енгізді. Бүгінгі педагогикада оның «өзіндік қажеттігін тану» өз мүмкіндігін, потенциалын жүзеге асыруға ұмтылу, өз қабілетін, талантың, яғни бойындағы барын іске асыру арқылы адам тұлға ретінде толық қалыптаса алады» деген пікірі аса құнды. Сонымен қатар, өз мүмкіндігін қажетіне айналдыра алатын адамды А.Маслоу кәдімгі өзіміз күнде кездестіріп жүрген адамдарымызбен қатар қоймайтынын тағы да былай дәлелдеп келтіреді. «орташа адам – ол өз дарынын, қабілетін, мүмкіндігін жылы жауып қойған, не басып тастаған адам». Оның теориясы бойынша адамның дамуы – екі жағы бар қажеттілік пирамидасына ұқсайды: бір жағынан әлеуметтік тәуелділігі, екінші жағынан оның өз қажеттігін тани алуына қатысты танымдық табиғаты. А.Маслоу жалпы қажеттіліктерді туа пайда болған деп, алғашқы үш деңгейді физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық қажеттілік ретінде қарастырады, төртінші деңгейді өзін - өзі құрметтеу, қадірлеу үшін атқарылатын әрекеттер ретінде, ал бесінші деңгей – шығармашылық қажеттілік, өз мүмкіндігін жүзеге асыру өзіндік қажеттігі деп есептейді.

Адамның өзін-өзі тәрбиелеуге қабілеті берілмейді, оған үйрену керек. Тарихта әр бір ұрпақ адамдары өз заманының талаптарына сай келуі үшін өзін-өзі жетілдіруге тиіс болды. Әрбір адам өзін-өзі тәрбиелеуде ең алдымен оның мақсатын, әдістері мен тәсілдеріне, нәтижесін «технологиясын» меңгеруі тиіс. Бұл өзін-өзі тәрбиелеудің компоненттеріне жатады. Оларға тоқталмас бұрын өзін-өзі тәрбиелеудің қозғашуы күші туралы айта кетейік. Айталық, мектепке жаңа келген мұғалімде өз бетімен жұмыс істеуде көптеген қиындықтар туады. Оларды жеңу үшін жас маман өзін-өзі жетілдіріп, тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ең алдымен ол өз бойындағы сенімсіздіктен арылуы тиіс. Бұл кәсіби түрде өзін-өзі жетілдірудің алғашқы қадамы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет