3. Ең мықты адам.
«Тәубеңе кел!» бейнефильм көрсетемін
Осыдан алған әсерін эссе түрінде жазуды ұсынамын
Осыдан алған әсерін эссе түрінде жазуды ұсынамын.
А-4, қалам
Рефлексия «Күш сыйлау» 2 мин
1сурет, 5 сөз стратегиясы
«Көз»
тақырыбында видео көрсетіледі
Топ мүшелері бүгінгі тақырып бойынша өз пікірлерін айтып шығады.
Стикерлер
Қосымша ақпарат
Инклюзивті білім берудің мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.
Инклюзивті білім берудің негізгі ұғым түсініктерін қарастырушы ғалымдар Н.В Борисова, С.А Прушинский, М.Перфильеваның редакциялауымен жарық көрген «Инклюзивное образование:ключевые понятие» оқу құралында ең негізгі ғылыми ақпаратқа тоқтала отырып, ұғым түсініктердің мәнін ашады. «Инклюзив» сөзі француз тілінен аударғанда (inclusif -өзімді қосқанда) ал, латын тілінен аударғанда (includo-қосамын) деген мағынаны білдіреді. Ал, инклюзивті білім берудің негіздерін зерттеуші Қазақстандық ғалымдар А.Т.Искакова, З.А. Мовкебаева, Г.Закаева, А.Б. Айтбаева, А.А. Байтурсыновалардың еңбектерінде, алдымен ізгіліктілік-философиялық сипатына, құқықтық-нормативтік негізіне, көппәнділік жүйесіне сай жайлы орта құруға, білім беру процесіне бейімдеу мен өзгерістер енгізуге, отбасымен жұмыс істеуге, білім нәтежесін бағалауға мән бере отырып арнайы педагогиканың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін жан-жақты ашады [1, 37б.].
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді [2,2б.].
Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3.Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4.Барлық адам бір - біріне қажет.
5.Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6.Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8.Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Даму мүмкіндігі шектелуі балалармен әлеуметтік педагогтың, психологтың жұмыс жасаудағы ерекшелігі:
1.Мектеп жағдайына тез бейімделуге қажет әлеуметтік-адамгершілік жағымды мінез-құлық қалыптастыру
2.Оқуға қызығушылығын дамыту
3.Жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту (оқу белсенділігі, өз бетімен жұмыс істеу, т.б.) арқылы оқудағы қиындықтарды жою
4.Жалпы интеллектуалдық біліктілігін жас ерекшелігіне қарай дамыту (салыстыру, қарым-қатына, практикалық топ, ойлау т.б.)
5.Жалпы даму деңгейін көтеру және жеке дамуындағы ауытқушылықты түзету.
6.Өз жасына сәйкес баланың жалпы дамуын және біліктілігін дағдыларын нығайту үшін жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру.
Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігіне тоқталатын болсақ. Адамның кәсіпқойлығының қажетті құраушысы кәсіби құзыреттілік болып табылады. Кәсіби құзыреттілік зерттеушілермен маманды даярлау сапасының сипаттамасы және еңбек әрекетінің нәтижелілігінің әлеуеті ретінде қарастырылады. Ал педагогтың кәсіби құзыреттілігі пәндік салада, сонымен қатар педагогика және психология саласында ғылыми теориялық білімдер жүйесі кіретін маман тұлғасының сапалық сипаттамасын көрсетеді. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – бұл мұғалімнің теориялық білімдер жүйесі мен оларды белгілі педагогикалық жағдайларда қолдану, педагогтың құндылықтары, оның мәдениетінің интегративті көрсеткіштерінен (сөйлеуі, сөйлесу мәнері, өзіне және жұмысына қарым-қатынасы, т.б.) тұратын көпфакторлы құбылыс. Мұғалім өз жұмысында басым рөлден жаңа түсінікке ауысуы, яғни арнайы педагогика саласындағы білім жеткіліксіздігін, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың дене және психологиялық ерекшеліктерін түсінуі, мамандардан көмек сұрай және қабылдай алу маңызды [3,93 б.].
Ресей зерттеушісі Е.Г.Самарцеваның пікірінше, педагогтың инклюзивті білім беруге кәсіби даярлығы – инклюзивті білім беруді нәтижелі жүзеге асырудың іргелі шарты, инклюзивті білім беруді іске асыруға бейімділігі мен қажеттілігі белсенді түрде болатын ұстанымдарымен сипатталатын, инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын арнайы білімдер, іскерліктер мен дағдылар ретінде көрінетін динамикалық, интегративті, кәсіби-тұл ғалық білім.
Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтікэкономикалық модернизация Қазақстандамуының негізгі бағыты» атты халыққа жолдауында білім беру жүйесінмодернизациялаудың негізгі міндеттерінің бірі «педагогикалық құрамның сапасын көтеру» болып табылады деп көрсеткен[4].
Н.Д. Хмель педагогикалық процесті жүзеге асыру үшін мұғалімнің териялық даяр-лығының маңыздылығын дәлелдей келе, мұғалімнің бойында педагогикалық процестің тұтастығын қамтамасыз ете алатын,кез келген жағдайәрекет жасауға мүмкіндік беретін арнайы кәсіби қасиеттер болуыкеректігін баса айтты.Болашақ мұғалімдерді әлеуметтік педагогикалық жұмысқа даярлау мәселесі көптеген ғалымдардың зерттеулеріне негіз
болған.
Атап айтсақ, Левитов Н.Д.,Платонов К.К., Ковалев А.Г., Кандыбович Л.А., Чамата П.Р.,Дьяченко М.И. Біздің еліміздекәсіттік білім берудің теориясы мен әдістемесіне үлес қосқан ғалымдарда баршылық: Абдыманапов С.А., Ахметова Г.К., Арынгазин К.М., Каргин С.Т.Қожахметова К.Ж., Коканбаев С.З.,Құсаинов А.К., Мағауова А.С.,
Мынжанов Н.А.,Мұқанова С.Д.,СейтешевА.П., Сарсенбаева Б.Г.,Таубаева Ш.Т.
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау маңызды рөл атқарады.Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір тұтас әрекеттерінің барысында әрбір баланың білім беру-тәрбие үдерісінде өз мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қолдау балаға көмек (немесе қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады [5].
Психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетудің екі бағытын көрсетуге болады: өзекті – балада осыған дейін пайда болған қиындықтарды шешуге бағытталған; перспективалы – оқуда болуы мүмкін ауытқуларды ескеру және алдын алуға бағытталған.
Екі бағыт та педагогикалық үдеріске қолдау қызметінің барлық мамандарының бірлескен күш-жігерінің арқасында іске асырылуы мүмкін.
Олардың қызметінде өзара байланысты және оларды ескеру қажет міндетті үш компонент бар:
•бала дамуының диагностикасы (психикалық, тұлғалық, әлеуметтік);
•түзету-дамыту бағыттылығының жеке және топтық сабақтарының бағдарламаларын іске асыру;
•білім беру ортасын баланы оқыту мен дамыту және бағалау жүйесі арқылы оның даму деңгейін бағалауға қоятын талаптары көзқарасы тұрғысынан талдау [6].
Оқушылардың бұл санатын психологиялық-педагогикалық қолдаудың нысаны оқу жетістіктерін критериалды бағалау үдерісі болып табылады. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау түрлі мамандардың (пән мұғалімінің, психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың, әлеуметтік педагогтың), мектеп дәрігерінің, басқа мұғалімдер мен ата-аналардың өзара тығыз әрекетін білдіреді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды психологиялық-педагогикалық қолдау төмендегілерге бағытталуы тиіс:
- баланың денсаулығын және дене күшін қолдау: бала өмірінің денсаулық-сақтау түзімін ұйымдастыру, оларды жеке таңдалған қимылдық белсенділіктерге, денсаулықты нығайтатын сабақтарға қатыстыру;
- балалардың зерде дамуын қолдау: әрбір баланың танымдық ерекшелігін анықтау және дамыту, оқу әрекетінің табысты болуы үшін жағдай тудыру;
- баланы қарым-қатынас саласында қолдау: балаларға гуманистік өзара әрекеттенуіне жағдай тудыру, балалардың қолы бос кезіндегі әрекеттерде жеке қабілеттерін байқатуларын қолдау, тәртіп түрін саналы түрде таңдауына көмектесу;
- баланың жанұясын қолдау: жанұялық қатынасты зерттеу, олардың үйлесімді болуына көмек көрсету.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары:
1) бала дамуындағы кез келген мәселені шешудің кешенді, пәнаралық тәсілдері.
2) білім беру үдеріндегі баланың дамуын қолдаудың үзіліссіздігі.
3) қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамсыздандыру.
4) қолдау әрекетін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау.
5) даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау шараларына ата-аналарды, педагогикалық және балалар ұжымын белсенді тарту болып табылады [6].
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда нақты көмек көрсететін психологиялық-педагогикалық қызмет болуы тиіс. Оның міндетіне балалармен қарым-қатынас орнатуда дамытушы немесе түзету жұмысы ғана емес, сонымен қатар, бағалау қызметін сүйемелдейтін ортақ тәсілдер, оқушылармен жұмыстың бірыңғай стратегиясын дайындау бойынша педагогтармен және ата-аналармен тұрақты ынтымақтастық орнату кіреді.
Педагог-психолог өз қызметінде психологиялық оңалтудың келесі әдістерін қолданады: әңгіме, жеке психологиялық кеңес, психологиялық көмек, рөлдік ойындар, тренингтік жаттығуларды, сабақта туындағын түрлі жағдайларда қажет психологиялық өзара көмек пен өзара қолдау тобын қолданады [5].
Қорыта келгенде, инклюзивті біл ім беру құқығын тану барлық педагогтар, оқушылар мен олардың ата-аналары ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың жалпы білім беретін мектептерде оқуға құқығы бар екенін түсінулеріне және ол үшін қосымша ресурстар қажет екеніне негізделген.
Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Бгажнокова И.М. «Школа для детей с нарушениями интеллекта: тенденции перспективы развития»М., 2004ж
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ҚР президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарғысы -Астана, 2010.
3. Мовкебаева З.А. Вопросы подготовки педагогических кадров в Республике Казахстан к работе в условиях инклюзивного образования. Педагогика и психология. - № 2 (15) – 2013. – С. 6-11.
4. Назарбаев Н.Ә. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты. Ел президентінің қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. -2012. 28- қаңтар. -10-15 б.
5. Алтаева Г. Ж. Роль психолого-педагогического сопровождения детей в условиях инклюзивного образования. (КРО) школа-интернат общего типа, г. Щучинск – 2015 год.
6. Психолого-педагогическое сопровождение и оказание поддержки учащимся с особыми образовательными потребностями в школах на краткосрочной, среднесрочной и долгосрочной основе. Методические рекомендации.- Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2015. - 82 с.
7. ҚР "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы туралы" Заңы, Астана, 2002.