Сабақ тақырыбы: Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi ұғымдары



бет1/6
Дата27.11.2023
өлшемі431,79 Kb.
#130091
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Презентация по физике на тему Молекулалық-кинетикалық теория негiздерi


Молекулалық-кинетикалық теория негiздерi
Сабақ тақырыбы: Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi ұғымдары
Мақсаты: Білімділік: а) Молекулалық-кинетикалық теория туралы түсінік беру
ә) д) Молекулалық-кинетикалық теория мысалдар арқылы түсіндіру.
Дамытушылық: Тәжірібесі арқылы оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Тәжірибелер мен мысалдар негізінде пәнге қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларының элементтерін пайдалану.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, слайд, плакат
Сабақтың құрылымы:
  • Сабақты ұйымдастыру кезеңі.
  • Үй тапсырмасын сұрау.
  • Жаңа сабақты түсіндіру.
  • Бекіту.
  • Қорытынды.
  • Білімдерін бағалау.
  • Үйге тапсырма.

ЖОСПАР:
  • Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi ұғымдары
  • Молекуллар массасы мен өлшемi. Салыстырмалы молярлық және молекулалық масса. Авогадро саны
  • Молекулалар арасындағы өзара әсерлесу күштерi. Сұйық, газ тәрiздес және қатты денелердiң құрылымы
  • молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi
  • Газдың
  • Газдың макропараметрлерi. Tемпература және оны өлшеу
  • Температура - идеал газ молекуласының орташа кинетикалық энергиясының өлшемi
  • Газ молекуласының жылдамдығы. Штерн тәжiрибесi
  • Больцман тұрақтысы. Клайперон-Менделеевтiң күй теңдеуi
  • Газдағы изопроцесстер және олардың графиктерi

§ 1.1 Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi ұғымдары
Дене құрылымының молекулалық кинетикалық теориясы деп барлық денелер жеке бейберекет қозғалыстағы бөлшектерден тұрады деген көзқарас негiзiнде макроскоптық денелердiң қасиеттерi мен жылу процестерiне түсiнiк беретiн iлiмдi айтады.
Молекулалық-кинетикалық теория (МКТ) негiзi мынадай үш қасиеттен тұрады:
барлық денелер бөлшектерден – атомдардан, молекулалардан, оң және терiс зарядталған иондардан – тұрады;
бұл бөлшектер барлық уақытта үздiксiз және бейберекет қозғалыста болады;
бөлшектер арасында өзара әсерлесу күштерi – тартылу және тебiлу күштерi бар. Ол күштер электрлiк сипатқа ие. Бөлшектердiң өзара гравитациялық әсерлесуi өте аз.
Бұл тұжырымдардың ақиқаттылығы көптеген физикалық бақылаулар мен тәжiрибелер жүргiзу арқылы дәлелденген. МКТ-ның негiзгi көзқарастарына ең нақты дәлел бола алатын мысалдар:
броундық қозғалыс құбылысы (Броун);
молекулалық диффузия құбылысы;
қазiргi заманғы приборлар көмегiмен алынған жеке атомдар мен молекулалар кескiнi. 1-шi суретте вольфрам инесiнiң ұшында атомдардың орналасуы (ақ дақтар), ал 2-шi суретте кремний пластинасы бетiнiң микрофотографиясы келтiрiлген, мұндағы дөңдер – кремнийдiң жеке атомдары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет