Сабақ тақырыбы: ms excel -де қаржылық функциялар Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың типі: дәстүрлі


«Білім шыңы пирамидасы» сұрақтары



бет3/4
Дата31.12.2021
өлшемі1,14 Mb.
#23259
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ексель

«Білім шыңы пирамидасы» сұрақтары



  1. Сыбайлас ұяшықтардан тұратын төртбұрыш аудан

  2. Excel-де қанша жол, қанша баған болады?

  3. Диаграмма дегенді қалай түсінесің?

  4. ####- мына символдар қандай жағдайда шығады?

  5. $ белгісі қай кезде қойылады?

  6. =СУММ(А5:А9)формуласы нені есептейді

  7. =СРЗНАЧ(G4:G6) формуласы нені есептейді?

  8. =ТЕКСТ функциясының қызметі

  9. Формула жолы нені көрсетеді

  10. Ұяшықтар диапазоны дегініміз не?

  11. Процентный форматын қойғанда, сан қалай өзгереді?

  12. Диаграмманың қандай түрлерін білесің?

ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау (түсіндірудің жүйелілігі, түсініктілігі, пәнаралық байланысы, оқытушының өзіне – өзі сенімділігі) 30 мин

Қаржы функциялары кәсiпорынның қаржылық - тұрмыстық қызметiн жоспарлау және талдауында , сонымен қатар құрал инвестицияларын салуға қатысты есептердiң шешiмiнде қолданылады. Қаржы функцияларының ішінде үш улкен тобын шығаруға болады. Олар бағалы қағаздардан амортизациялық төлемдер, рента төлемдерi және бағалы қағаздардан  табыстарды есептеу үшiн қолданылатын функциялар. Соның қаржы ренталармен жұмыс істеуіне арналған фунцияларының қызметін қарастырайық.

Қаржы қызметiнде кейде бiрiнен соң бiрi ақша төлемдері орындалады – ақша төлемдерінің тасқыны. Мысалы жыл сайынғы облигациялар бойынша пайыз төлеулері, сақтандандыру қорды құрастыру үшін банкке үнемі үлестер жасау,  тұтынушы қарызы бойынша ай сайынғы төлемдер, қайырымдылық қорынан ай сайынғы стипендияның алу және сол сияқты төмеддер. Осындай төлемдер арқылы айналымдағы ақшаға пайыз қосылады.Төлем тасқының қарастыру кезінде екi негiзгi есебі туу мүмкiн: төлем тасқынынан өсу денгейiн табу, немесе керiсiнше өсу тасқыннан жеке төлем шамасын табу. Жеке ақы төлем  тасқынына - қаржы ренталары - ұқсас есептердiң шешiмiнiң математикалық әдiстерi жасалған.

Электрондық кестеде бұл көрсеткіштерді есептеу үшін кiрiстiрiлген функциялар бар. Бұл функциялар Excel-гі талдау дестесінде мазмұндалады. Қаржы функциялары  бекiтiлген жиынынан бiрдей аргументтеріне ие болады.

  Ms Excel –де функцияларды қолдану үшін келесі командарының бірін орындау керек:

-   Вставка – Функция – Категория бөлімінде Финансовые категориясын таңдау – Выберите функцию бөлімінде тізімнен керекті функцияны таңдау

немесе

-  Құралдар тақтасында  белгісін таңдау арқылы функцилар сұхбаттық терезесін экран бетіне шығару - Категория бөлімінде Финансовые категориясын таңдау – Выберите функцию бөлімінде тізімнен керекті функцияны таңдау



Аргументтерге сәйкес электрондық кестеде пайдаланатын функцияларды қарастырайық.

   Еxcel кестелік процессорында ПЛТ, ПРПЛТ, ОСПЛТ қаржылық функцияларын қолдану арқылы,кезеңдегі несие төлемдерін, негізгі төлемдер мен проценттік төлемдерді есептеуге болады.

Кезеңдегі жалпы төлемдерді есептеу үшін ПЛТ функциясы қолданылады. Оның аргументтері:

Ставка – кезеңдегі проценттік ставка.

КПЕР – төлемдерді төлеу мерзімінің жалпы саны.

ПС – ағымдық мерзімдегі несиенің жалпы сомасы.

БС – соңғы төлемнен кейінгі болашақта болуы мүмкін құн немесе қолма-қол баланс. Егер БС аргументі жоқ болса, оны 0 деп есептейді.

ТИП – 0 немесе 1 сандары төлемінің сәйкес мерзімінің басында немесе соңында төленетінін көрсетеді. Егер 0 болса, онда төлем кезеңнің соңында, ал 1 болса, кезеңнің басында төленеді.

Әр кезеңдегі негізгі төлемдер мен процент бойынша төлемдерді есептеу үшін ОСПЛТ және ПРПЛТ функцияларын қолданамыз. Бұл функциялардың да, тек төлем кезеңін көрсететін «Период» аргументінен басқа барлық аргуметтері ПЛТ функциясының аргументтерімен бірдей.

Бұл функцияларды қолдану барысында мыналарды есте ұстау қажет:

- Егер төлем ай сайын төленетін болса, онда жылдық процент ставкасын 12-ге бөлу керек;

- ПЛТ функциясымен есептелетін төлемдер негізгі төлемдер мен процент бойынша төлемдерді қамтиды, бірақ кейде қарызбен байланысты болатын салықтарды, резервтік төлемдерді немесе комиссияларды қоспайды.



1-есеп Займ бойынша ай сайын төленетін төлемдерді есептеу мысалын қарастырайық. Есептеуде ПЛТ функциясы қолданылады.

Шешуі:


а) Қолданушыға түсінікті болатындай берілгендері жазылған есептеу бетін 1 суреттегідей құрамыз:

1-сурет – Берілгендер кестесі

Мұнда В5 ұяшығындағы мəндер төмендегі формуламен есептелінеді:

=ПЛТ($B$4/12;$B$3*12;$B$2)



2-есеп 10000 доллар көлемінде 5 жылға, жылдық 17%-тік ставкамен алынған қарыз бойынша жылдық төлем шамасын есептеу.

В3:В5 ұяшықтары аралығына алғашқы мәліметтерді енгіземіз. В6 ұяшығына жылдық төлем шамасын есептеу үшін ПЛТ функциясын қолданамыз, аргументтерін келесі түрде енгіземіз: =ПЛТ($B$3;$B$4;-$B$5)

Жалпы төлем сомасы: =B6*B4

Әр кезеңде төленетін процент бойынша төлемдер мен негізгі төлемдерді анықтау үшін келесі формулаларды енгіземіз:

D10 ұяшығына =ПРПЛТ($B$3;C10;$B$4;-$B$5) енгізіп, курсорды төменгі оң жақ бұрышқа орналастырып, соңғы кезеңге дейін тышқанның сол жақ батырмасын басулы ұстап тартамыз.

Е10 ұяшығына =ОСПЛТ($B$3;C10;$B$4;-$B$5) енгізіп, курсорды төменгі оң жақ бұрышқа орналастырып, соңғы кезеңге дейін тышқанның сол жақ батырмасын басулы ұстап тартамыз. Нәтижесінде әр кезеңдегі процент бойынша төлемдер мен негізгі төлемдердің шамасы анықталады



2-сурет


3-есеп. 1 000 000 000 көлемінде ссуда 5 жылға, 12 % жылдық ставкамен берілген. Төртінші жыл үшін негізгі төлем шамасын анықтау керек.

Шешімі: ОСПЛТ(ставка; период; кпер; пс; бс) функциясын қолданамыз.

Біздің есебімізде функция түрі: ОСПЛТ(12 %; 4;5;1000000000)

Есептеу терезесі 3 суретте көрсетілген:



3-сурет – Займ бойынша негізгі төлемдерді есептеу

Мұнда В8 ұяшығына мына формула енгізіледі:

= ОСПЛТ(B5;B6;B4;B3)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет