Сабақ тақырыбы Қосылыстағы элементтердің массалық үлесін есептеу. Оқу мақсаты



бет2/2
Дата24.01.2023
өлшемі21,41 Kb.
#62595
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Қмж 8 сынып 2тақырып Тумар

Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут



Оқушылармен сәлемдесіп,түгелдеу.
Үй тапсырмасын сұрау


Сабақтың ортасы
10 мин

20 минут


7 минут

Молекулада химиялық элементтердің атом-дары белгілі бір массалық қатынаста болады, яғни жалпы молекуланың белгілі бір бөлігін құрайды. Әрбір күрделі зат (химиялық қосы-лыс) бірнеше элементтен құралады. Қосы-лыстардағы элементтердің мөлшерін немесе массалық үлесін білу оларды тиімді қолдану үшін қажет.
Бүгінгі сабақта химиялық қосылыстардағы элементтердің массалық үлестерін табуды үйренеміз.

Массалық үлес деп химиялық қосылыс-тағы атом массасының бүкіл молекуланың массасына қатынасын айтады. Ол бірдің үле-сімен немесе пайызбен өрнектеледі, гректің ω (омега) әрпімен белгіленеді:


ω = немесе ω = · 100%,

мұндағы ω — қосылыстағы элементтің масса-лық үлесі;
N — қосылыстағы элементтің атом саны;
Ar — осы элементтің салыстырмалы атом-дық массасы;
Mr — берілген қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасы

Мұғалім түсіндірмесі:


Күкірт қышқылындағы элементтердің массалық үлесін есептеу жолын түсіндіру.


-күкірт қышқылының салыстырмалы молекулалық
ассасын есептеу
-әр элементтің массалық үлесін есептеу.

Сабақты бекіту тапсырмалары


Оқушыларға экраннан сәйкестендіру кестесін көрсетемін.
І.«Сәйкестендіру кестесі»

Заттың аты



Химиялық формула

Су


CaCO3



Ас тұзы


CO2



Көмірқышқыл газы



H2O



Әктас


NaCI


ІІ. Жеке жұмыс. Қосылыстар құрамындағы элементтердің массалық үлестерін табады.Оқушылар орындайды,содан кейін мен тақтаға жазып тексеремін.


H2O CO2
NaCI CaCO3

ІІІ. «Сандар сөйлейді»


Қай қосылыста С көміртектің массалық үлесі жоғары?
СН4 –метан С2Н2 –ацетилен
СаС2 –кальций карбиді СО2 –көміртек(ІІ)
оксиді

Қорытынды. Оқушыларға жеке жеке сұрақтар таратылады,осы бойынша 10баллдық шкаламен бағаланады.


1. Фосфор қышқылы H3PO4, кальций нитраты Са(NO3)2 қосылыстарының салыстыр-малы молекулалық массаларын есептеңдер. (4балл)

2. Химиялық қосылыстағы элементтің массалық үлесі қалай анықталады? (2балл)

3. Келесі заттардағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер:
a) азот оксиді NO2;
ә) күкіртсутек H2S;
б) фосфор оксиді P2O5.
(4балл)

Карточкалар


Слайд




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет