Сабақ тақырыбы Өсімдік тіршілігіне судың әсері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»



бет4/5
Дата19.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#108589
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жаратылыстану.Өсімдік тіршілігіне судың әсері

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»
Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.
1-топ «Бақыт жалаулары» Зертте. Суару кестесін өзгерту өсімдікке қалай әсер етеді?
2-топ «Арман жалаулары» Ойлан. Қарағай мен шырша неліктен қылқан жапырақтарын түсірмей, қыс бойы жап-жасыл блып тұрады?
3-топ «Қуаныш жалаулары» Жазда дала шөптері суды үнемдеп жұмсайды. Мысалы, ыстықта бетегенің жіңішке жапырағы ылғалды үнемдеу үшін ішіне қарай бүгіледі. Ауа ылғалды болса, қайта жайылады.
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»
Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.


(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
«Алма ағашы» кері байланыс.



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,


толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, алма ағашына


жабыстырады.
Қызыл алмаға сабақтан алған әсерін, білімін жазады. Сары алмаға сұрағын жазады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет