Оқушылар:бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы
арақашықтық формулаларын түсіндіруді (S = v ∙ t, t = S : v, v = S : t) біледі.
Пәндік лексика және терминология.бірқалыпты түзу сызықты
қозғалыстағы арақашықтық формулалары S = v ∙ t, t = S : v, v = S :t.
Диалогқа / жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы сөздер топтамасы Талқылау:Қозғалыстың жылдамдығы деп нені айтады? Қозғалыстың жылдамдығын қалай есептеуге болады?
Қозғалыстың жылдамдығы қандай бірліктермен өлшенеді?
Жазу:
Қозғалысқа қатысты есептердің жазу, сызбаны орындау.
2.Жаңа топ құру:Әр оқушы бір-бірден жасырын қағазды алады.Суретке қатысты қимылдар жасайды. Сурет бойынша топқа бөлінеді. Балалар не істеді? Өмірдегі тәжірибеге және оқушылардың бақылауларына сүйене отырып, кейбір денелердің жылдамырақ, ал кейбірінің баяуырақ қозғалатындығына назарларын аударады. Мысалға, велосипедші жаяу жүргіншіден оза алады, автокөлік – велосипедшіден, ұшақ – автокөліктен және т.с.с.