2-тапсырма Сыныпта 26 оқушы бар. Оның 40%-ы ұлдар. Сыныпта неше ұл бар?
Дескриптор: 1.Есеп мазмұнын түсінеді.
2. Пайыз бойынша санды табады.
3.Жауабын анықтайды.
Жалпы - 3 балл
V. Жұптық жұмыс. Оқушылар жұптарда есептер шығарады (тапсырмалар жетістігі жоғары оқушылар ескеріліп, артығымен алынған).
Бағалау критериі: 10 есептің кез келген 6 - ын дұрыс орындау.
Немесе №7, №8, №9, №10 төрт есепті дұрыс орындау.
Есептер жауаптары слайдқа шығарылып, көрсетіледі. Мұғалім дайын жауаптарымен жұмыс барысында оқушыларға нұсқау береді. №1. 500 г қантты су ерітіндісінде 100 г қант бар. Ерітіндінің концентрациясы неше процент?
№2. Концентрациясы 25% 1 кг тұзды су ерітіндісін дайындау үшін неше грамм тұз керек?
№3. Жинақ кассасына 5% жылдық өсіммен 120 мың теңге ақша салынды. Жинақ кассасына салынған ақша 1 жылдан соң неше теңге болады? Өсімі неше теңге болады?
№4. Заттың бағасы 760 тг. Егер заттың бағасы 20% - ке қымбаттаса, оның қымбаттатылған бағасы неше теңге?
№5. Заттың бағасы 760 тг. Егер заттың бағасы 30% - ке арзандатылса, оның арзандатылған бағасы неше теңге?
№6. Тракторшы жыртуға тиісті жердің 76% - ін жыртқанда, 8,4 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жерді жыртуға тиіс еді?
№7. Фермер жерінің 4 гектарын мал жайылымына қалдырды да, қалған 16 гектар жерге бақша өнімдерін екті. Фермер барлық жердің неше процентіне бақша өнімдерін екті?
№8. 300 г тұзды неше литр суға қосқанда концентрациясы 15% тұзды су ерітіндісі алынады?
№9. Жинақ кассасына жыл басында 8% - тік өсіммен салынған ақша жыл соңында 162 мың теңге болды. Жинақ кассасына жыл басында неше теңге ақша салынған?
№10. Мұнай қоймасындағы мұнайдың бірінші күні 30% - і, екінші күні қалған мұнайдың 80% - і сатуға жіберілді. Мұнай қоймасында алғашқы мұнайдың неше проценті қалды?
Презентация Қосымша №1
Қосымша №2
Қосымша №3
Сабақтың соңы
7 мин
Ой толғаныс. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды
Рефлексия Үйге тапсырма: №1151 есеп.