Топтық жұмыс. Қалыптастырушы бағалау. Процессордың жұмысын және оның басқа құрылғылармен өзара әрекетін қарастырады. Ұжым болып талқылайды.
Келесі тапсырманы ұсынады. Тапсырманы орындап болған соң әрбір топ бір-бірінің жұмысын бағалайды.
Тапсырма. Мәліметтерді енгізу, өңдеу және шығару құрылғыларының өзара әрекетін көрсететін сызба (схема) сызыңыз. Жады түрлерін және олардың атқаратын қызметін көрсетіңіз.
Бағалау түрі - бірін-бірі бағалау. Топтар бір-бірінің жұмысына баға береді.
Жетістік критерийлері:
- процессордың қызметін біледі;
- процессордың құрамына кіретін құрылғыларды біледі.
Дағды:Білу және түсіну
Дескрипторлар: - мәліметтерді енгізу құрылғыларын біледі;
- мәліметтерді өңдеу құрылғысын біледі;
- мәліметтерді шығару құрылғыларын біледі;
- жады түрлерін біледі;
- жады түрлерінің атқаратын қызметтерін біледі;
- мәліметтерді енгізу, өңдеу және шығару құрылғыларының өзара әрекетін көрсететін сызбаны салып көрсетеді.
А4 форматы
8_сынып_Бөлім 8.1A(3 сабақ)_Презентация
(14 слайд)
36-42 мин
Ұжымдық жұмыс. Джон фон Нейман архитектурасымен таныстырады.
Джон фон Нейман архитектурасымен танысады. Қажет терминдерді, анықтамаларды дәптерге жазып алды.
Сабақты қорытындылау.Оқушыларға сұрақтар қояды.
1. Процессор дегеніміз не?
2. Процессордың құрамына қандай құрылғылар кіреді?
3. Арифметикалық-логикалық құрылғы не үшін қажет?
4. Басқару құрылғысы не үшін қажет?
Рефлексия: Оқушылардың өтілген материалды қаншалықты түсінгендерін анықтау үшін қызыл, сары, жасыл түсті стикер ұсынады. Оқушылар қажет түсті таңдап, өз сұрақтарын немесе ұсыныстарын жазады.