Сабақ тақырыбы: Құрмалас сөйлем синтаксисі, зерттеу обьектілері



бет2/2
Дата16.12.2022
өлшемі26,03 Kb.
#57734
түріСабақ
1   2
Мен хем сениң билен гидердим, йөне эртир ишим көп. Мениң кимдигими мыхмана танатдың, а мыхманың кимдигини маңа танатмадым. (Б. Кербабаев.)
Ал қазақ тілін қарақалпақ тілімен салыстырсақ, құрмалас сөйлемдердің жасалу тәсілі бір-біріне өте ұксас. Соған қарамастан, қарақалпақ тіліне түрікмен және өзбек тілдерінің әсері тигендігі сезіледі.
Мысалы: Темир жол үстинде тұрған бир паровоз гә алға жүреди, гә ол кейин бәседи. (Ж. Сапаров.)
Түрікмен тілінде: Яз айларында кә ягын ягяр, кә гүн чыкяр: («Түркмен дилиниң сөзлүги
Сол сияқты қырғыз тілі де, қазақ тілімен қыпшақ группасының ішіндегі ең жақын тіл болып есептелсе де, қырғыз тіліндегі құрмалас сөйлемнің жасалу тәсілдерінде кейбір өзгешеліктер де кездеседі. Бірақ бұл тәсілдер сол тілдің даму процесінде келіп шыққан, ол қырғыз тіліне тән құбылыс болып есептеледі.
Мысалдар: Өрттөй дуулдап согуш чыкты, же бүгүн, же эртең аны өчүрүшкө мен да жөнөймүн. (Т. Сыдыкбеков.) Далай акыбыз анын мойнунда калды эле, ошондо да Курман болгон жоК. (Қ. Баялинов.) Байсалов ооз ача электе, кылмыштуу болгонсуп мындай деди. (С. Сасыкбаев.) Кечээ мен тарбиячыга айттым эле, ал сүйлөшкөн окшойт. (Н. Байтемиров.)
Демек, құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысу тәсілдері дамыған, олардың түрлері кеңейген. Сол арқылы түркі тілдерінде құрмалас сөйлемдердің де функциясы артқан. Бұл даму әсіресе жазба әдебиетке байланысты болды. Қазіргі түркі тілдердің қайқайсысының әдеби тілін алсақ та, құрмалас сөйлемдерді кеңінен қолданатынын көреміз. Осы жағдайға байланысты түркі тілдердің барлығына ортақ және әр тілге тән өзгешеліктер де пайда болған. Бұл — бір тілді екінші тілмен салыстырғанда анық байқалады. Осының нәтижесінде құрмалас сөйлемдердің, байланысу тәсілдеріне бір тілде бастапқы жай сөйлемнің баяндауышы есімше, кесемше, шартты рай тағы басқа етістіктің формалары көбірек қатысу арқылы жасалса, екіншісінде; көмекші сөздер көбірек қолданылады. Қысқасы, кейбір фонетикалық өзгешеліктерін есепке алмасақ, барлығына ортақ байланысу тәсілдері ертеден сақталғандығы байқалады. Ал кейбір тілдерде кездесіп, басқасында қолданылмайтын байланысу тәсілдері сол тілдің соңғы қалыптасу дәуірлеріне жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет