Сабақ тақырыбы: Санауыштарды орнату және қосу. Км06 Тарату құрылғыларын және екінші тзбектерді құрастыруды орындау/ Электр жабдығын монтаждау және баптау Педагог А. Е. Уразгалиева дайындады 2021 жылғы «27»



бет2/4
Дата14.02.2023
өлшемі0,87 Mb.
#67933
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Санауыштарды қосу Ашық сабақ

4.Қажетті ресурстар
Жабдықтар: мультимедиялық проектор, дербес компьютер
Көрнекіліктер: фотосуреттер, шартты белгілер, кесте, диаграммалар
Техникалық құралдар, материалдар, сілтемелер, ресурстар
1. Ж.У. Жубандыкова, З.А. Баймаханова, Г.С.Айтказиева, М.Ө.Төреш «Электр тізбектерінің электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптау» Астана, 2018 ж. ©«Холдинг «Кəсіпқор» КАҚ, 2018 ж.
2.А.К. Ахметов «Электротехника» Астана 2010 ж.
3.Ж.Жәнібеков, Б.Дурманов «Электромонтер» Астана Фолиант 2010ж
Тақырып бойынша слайдтар
Сабақтың барысы
І. Сабақтың басы.
1.Ұйымдастыру сәті.
2.Сабақтың мақсатын қою.
3. Негізгі білімді тексеру және жаңарту.
а) Шиналарды таңдаудың формуласы.
ә) Шиналардың маркалары.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
І. Сабақтың басы.
1.Ұйымдастыру сәті.
2.Сабақтың мақсатын қою.
3. Негізгі білімді тексеру және жаңарту.
а) Шиналарды таңдаудың формуласы.
ә) Шиналардың маркалары.
Сұрақтарға жауа беріңіз.
ІІ. Сабақтың ортасы.
АСКУЭ Басқарудың автоматтандырылған жүйесі — Электр энергиясын таратушы және тұтынушы субъектілері арасында өндірілген, жеткізілген, тарқатылған және тұтынылған электр энергиясы үшін өлшеулер деректерін жинау, деректерді өңдеу, сақтау, жеткізу және өзара есептесулерге деректер даярлауға арналған өлшеу құралдары мен аппараттық-бағдарламалық кешен жиынтығы
Басқарудың автоматтандырылған жүйесі -энергия өндірудің өндірістік-технологиялық, оперативті-диспетчерлік және ұйымдастырушылық-экономикалық басқару міндеттерін қамтамасыз етуі тиіс
Бұл міндеттер тиісінше: 
- технологиялық үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйесіне диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесіне; 
- өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесіне жүктеледі
Санауыштар - айнымалы ток немесе тұрақты токтың электр энергиясын есептеуге арналған құрылғылар.
Санауыштарды орнату және оларға қосылатын электр сымдары:
Санауыштар қызмет көрсету үшін оңай қолжетімді, құрғақ үй-жайларда, жұмыс істеуіне барынша кең және қысылтың емес, қысқы уақыттағы температурасы 0 0С төмен емес жерде орнатылуы тиіс.
Жалпы өндірістік орындаудағы санауыштарды өндірістік жағдайлар бойынша температурасы +40 0С жиі артатын, сондай-ақ агрессивті орталы үй-жайларда орналастыруға рұқсат етілмейді.

Санауыштарды жылытылмайтын үй-жайларда және электр станцияларының және қосалқы станциялардың тарату қондырғыларының дәліздерінде, сондай-ақ сыртқы құрылғы шкафтарында орналастыруға жол беріледі. Мұның өзінде жылыту шкафтары, бүркеншік ішінде оң, бірақ +20 0С жоғары емес температураны қамтамасыз ету үшін ішінде электр лампасы немесе қыздыру элементтері бар ауаны жылытатын қалпақтар арқылы қыс уақытында олардың стационарлық қымталуы қарастырылуы тиіс
Санауыштар қатты құралымы бар шкафтарда, жинақтық тарату қондырғыларының камераларында (ЖТҚ, ЖТҚК), панельдерде, қалқандарда, қуыс орындарда, қабырғаларда орнатылады.
Санауыштарды пластмасса немесе металл қалқандарда бекітуге жол беріледі.
Еденнен санауыштардың қыспақтар қорабына дейінгі биіктігі 0,8-1,7 м шегінде болуы тиіс. 0,8 м-ден кем, бірақ 0,4 м кем емес биіктікке жол беріледі.

Шкафтардың, қуыстардың, қалқандардың және т.б. құралымдары және көлемдері санауыштардың қыспақтарына және ток трансформаторларына еркін кіруді қамтамасыз етуі тиіс. Одан басқа, санауышты ыңғайлы ауыстыру және 10 кемінде еңіспен орнату мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Оның бекіту құралымы санауышты өң жағынан орнату және орнынан алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Есептік санауыштар электр тартылымдарында дәнекерлеудің болуына жол берілмейді.
Тікелей қосылатын санауыштарды жалғау үшін электр таратылымдарын монтаждау кезінде санауыштардың жанынан ұзындығы 120 мм кем емес сымдардың ұшын қалдыру қажет. Санауыш алдындағы оқшаулаудың немесе ұзындығы 110 мм нөлдік сым қабықшасының айрықша бояуы болуы тиіс

380 В дейінгі кернеу желісінде санауыштарды қауіпсіз орнату және ауыстыру үшін санауышты оған дейін кемінде 10 м қашықтықта орнатылған коммутациялық аппарат немесе сақтандырғыштармен ағыту мүмкіндігін қарастыру тиіс.
Кернеуді алу санауышқа жалғанған барлық фазалардан қарастырылуы тиіс
380 В дейінгі кернеуде санауыштарды жалғау үшін пайдаланылатын ток трансформаторлары, қуат ағымының бағыты бойынша коммутациялық аппараттардан кейін орнатылуы тиіс.
Санауыштарды және ток трансформаторларын жерге тұйықтау (нөлдеу) осы Қағидалардың 7-тарауының талаптарына сәйкес орындалуы тиіс. Мұның өзінде, 1 кВ дейін ток трансформаторларынан және санауыштардан жерге тұйықтау және нөлдеу қорғаныс өткізгіштері ең жақын кернеу қыспақтар жинамасына дейін мыс болуы тиіс





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет