Сабақ тақырыбы: Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты»


Оқулықпен жұмыс: «Бесеудің хаты» драмасын рөлдерге бөліп оқиды



бет4/5
Дата22.05.2023
өлшемі22,75 Kb.
#96034
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бөлім Атауы тарих тағылымы сабақ тақырыбы Ш. Мұртаза «Бесеудің-emirsaba.org

Оқулықпен жұмыс: «Бесеудің хаты» драмасын рөлдерге бөліп оқиды.


  • Оқулықпен жұмыс: «Бесеудің хаты» драмасын рөлдерге бөліп оқиды.

Драманың жанрлық табиғатын көрсету. Кестені толтырыңыз.

Сұрақ

Жауап

Дәлел

Шығарманың идеясы қандай?







Шығарма қандай әдеби жанрда жазылған?








Драмалық туынды құрылысындағы ерекшелік неде?








Драматург адам мінезін, бейнелеп отырған өмір шындығын қалай көрсете білді?








Дескриптор


  • Сұраққа дұрыс жауап береді;

  • Өз жауабын мысалдармен дәлелдейді.

Ықтимал жауап

Сұрақ

Жауап

Дәлел

Шығарманың идеясы қандай?

Ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры.


Шығармада Қазақстанда ХХ ғасырдың басында болған тәркілеудің зардабы, 1932 жылғы қазақ халқының басына түскен ауыр қасірет суреттелген


Шығарма қандай әдеби жанрда жазылған?


Драма

Драмалық туындылар, яғни пьесалар театр сахнасына қоюға арнап жазылады. Осыған байланысты пьесаның көлемі, құрылысы, тілі, адам мінезін танытуы тұрғысынан өзге жанрдағы туындылардан өзіндік ерекшеліктері бар. Сюжет кейіпкерлердің диалогымен ашылады.

Драмалық туынды құрылысындағы ерекшелік неде?


Драмалық туындының ерекшелігі кейіпкерлердің диалогі мен монологіне құрылуы. Диалог те, монолог те пьесадағы тартысқа қатысушы адамдардың алуан мінезін, көзқарас-мақсатын айқын танытатындай мағыналы да көркем болуы керек


Автор қазақ халқының бастан кешкен нәубетін, ұлттық трагедиясын жеткізуде кейіпкерлердің сөздерін шебер қолданған. Диалог кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін ұтымды ашады.


Драматург адам мінезін, бейнелеп отырған өмір шындығын қалай көрсете білді?


Драматург өмір шындығын пьеса кейіпкерлерінің сөзі (диалог, монолог) мен іс-әрекеттері арқылы көркем аша білді. Сол кездегі өкімет басшылары мен оның қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттеді.


Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймай, оның жандүниесін көрсете білді Пьеса тілінен кейіпкерлердің өзіне лайық мінезін, психологиясын ,өзіндік ерекшеліктерін көреміз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет