Мағынаны тану
1-тапсырма «Еркін жауап» стратегиясы ТЖ.
Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша Шалкиіздің өмірі туралы оқып келеді. Топтар таратылған сұрақтарға ауызша жауап береді.
1-топ.
- Шалкиіздің өмірі туралы не білесің?
- Қай бидің ақылшысы болған?
2-топ.
- Жырау әскери жорықтармен қай жерлерді аралайды?
- Қазақ ордасына қашан оралады?
3-топ.
- Толғау дегеніміз не? Жыраудың би Темірге арнаған неше толғауы бар?
- Жыраудың басқа қандай толғауларын білесіңдер?
Дескриптор: Білім алушы
-Пікірін дәлелдеп қолданады;
-Өмірмен байланыстыра алады;
-Қорытынды шығарады;
ҚБ. «Смайликтер»
2-тапсырма
«Тақырыпты анықта» «стратегиясы
Білім ленд .kz сайтынан толғауды тыңдату.
«Тақырып бойынша болжам жаса» стратегиясы:
«Би Темірге бірінші толғау» деп не себепті аталған деп ойлайсыз? «Екінші толғау», яғни, оның жалғасы болуы мүмкін бе?
Толғаудың мазмұнын бірінші тармағына қарап болжап көр, не туралы сөз қозғалуы мүмкін:
«Аспанды бұлт құрсайды
Күн жауарға ұқсайды».
Не себепті жырау өз сөзін табиғат құбылысын бейнелеуден бастайды? Оқушылар сөздікпен танысып, есте сақтау үшін бірнеше рет оқиды. Жұбымен жауаптасады.
«Есте сақтау» әдісі
Сөздік:
Қу – аққу
Көкшілі – сұңқар
Арабы торы – «асыл тұқымды» дегенді білдіреді
Алдаспан – наркескен қылыш
Қағба – мұсылмандардың құлшылық ететін қасиетті орны
Күлік – сәйгүлік жылқы
Кепке – бас деген мағынада
Ғазизлеген – құрметтеген
«Айтарым бар» әдісі
1-тапсырма
1- топ. Жырау нөсер жауын алдындағы түнерген аспанды, көкшіліден соққы жеген аққу құстың жайын неліктен сөз етеді? Өз басындағы жағдай осы құбылыспен қаншалықты байланысты, яғни, алыстан орағытып келіп нені меңзеп отыр?
2-топ. Екінші шумағында өзі үшін Би Темір кім еді, үшінші шумағында Би Темір үшін өзі кім еді, намысына тигенде ашуға бой алдыруы ... Толғаудағы би Темір бейнесін мен жыраудың өз бейнесін қалай берген?
3 топ. Неліктен Шалкиіз өз дәуірі үшін бітім-болмысы бөлек ерекше тұлға екенін қай жыр жолдарынан көруге болады?
2-тапсырма
1 топ. Толғаудағы метафора, анафораны табу
2 топ. Толғаудан aллитерация мен ақыл- нақыл сөзді табу
3 топ. Берілген толғау шумақтарын құрылысына талдайды
Дескриптор: Білім алушы
- Әр топ берілген сұрақтарға қатысты өз көзқарасын білдіреді;
- Толғаудан aллитерация мен ақыл- нақыл сөзді табады;
- ақынның көркемдегішті қолдану себебі түсіндіреді;
-Толғау шумақтарын құрылысына қарай талдайды;
ҚБ. Әр топтағы оқушылар өзін-өзі бағалайды.(бағалау критерийлері арқылы)
Бағалау парағы
Бағалау критерийі
|
Дескрипторлар
|
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
|
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;
|
Шығармадағы көтерілген мәселелер арқылы заман көрінісін бейнелейді.
|
Жаңа сөздерді теріп жазып, мағынасын топта анықтайды;
|
Топтық талдауға белсене қатысады, сыныптастарының жұмысын бағалайды.
|
ПОПС формуласы Ж.
«Менің ойымша, ұлттық мүдде тұрғысынан келгенде, толғаудың идеясы мен пафосы ... ».
«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»
«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»
«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
|