Сабақ Тақырыбы: Сынып жетекшісінің тәрбие үдерісін диагностикалау және жоспарлау іс-әрекеті



бет10/10
Дата21.03.2022
өлшемі66,06 Kb.
#28514
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ата-аналар белсенділерімен жұмыс

Белсенділер мектептің барлық жұмысына қатысады, ата-аналармен қарым-қатынас жасайды, пікір алысады, оларға көмек көрсетеді, ата-аналар конференциясын және жиналыстарын, оқушылардың үйірмен жұмыстарын өткізуге көмектеседі, еңбек тәрбиесін, қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады. Жеке отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата-аналарға ықпал жасайды, кейбір, әсіресе қиын балаларды шефке алады, оларға қажетті көмек көрсетеді.

Ата-аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі. Сондықтан, мектеп басшылары, ата-аналар белсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді. Олар үшін семинарлар, коллоквиумдар ұйымдастырып, тәрбие үрдісі мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланың жасына қарай дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады.

- кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңызды ата-ана мойнына таға салуға тырыспаңыз, өз талаптарыңыз бен отбасы мүмкіндіктері сай келетін болсын;

- бірлікті атқарылатын жобалар ұсыныңыз, екі талаптың бірдей қатысып, орындалу мүмкін істер жөнінде келісіңіз;

- негізсіз уәде беруден тартыныңыз, қандай да күрделі жағдайларда ұстамды болыңыз, бәрі де жақсы болып кетеріне сенім, ниет білдіріңіз;

Өкініштісі, ата-аналармен жұмыс алып баруда сынып жетекшісінің, жалпы педагогтардың кәсіби деңгейінің төмендігі мұғалімдер мен мектептің абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Отбасының ересек мүшелерін бірлікті істер мен бұдан былайғы байланыс-қатынастарға қызықтырып тартатын бірден-бір себеп сынып жетекшісінің отбасы балаларының тағдырына етене жақындығы және ол үшін жан пидалыққа баратыны. 

Ата-аналар үшін әңгімелер мен лекциялар

Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата-аналарға түрлі әңгімелер және дәрістер өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелерден дәрістерге үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата-аналар арасында дұрыс насихатталуы керек.

Әңгімелер мен дәрістердің мазмұны балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай баяндалуы қажет.

Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар ғылым негіздерін игереді, адамгершілік, еңбек тәжірибесінің барысында, олардың көзкарастары қалыптасады, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысады, өзінің сүйген мамандығын таңдау үшін мамандардан тұжырымды кеңестер алады. Демек, өмірге, еңбекке, өзін-өзі даярлауға бет бұрады.



Тәрбие жұмыстарының осындай басты мәселелерін еске алып, мектеп мұғалімдері, ауыл шаруашылық мамандары, инженерлер, дәрігерлер, заң қызметкерлері балалардың ата-аналарымен әңгімелер өткізеді, дәрістер оқиды.

Ата-аналар үшін мұндай ағартушылық жұмыс алдын-ала белгіленген бағдарлама бойынша, негізінде әрбір ата-аналар жиналысының бастапқы бөлімінде белгілі бір мамандарды немесе озық мұғалімдерді шақыру барысында жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет