Күндей боп күлеміз (бір – біріне күлімдеп қарайды)
Гүлдей боп өсеміз (қолдарын жоғары созады)
Құстай боп ұшамыз (екі қолын екі жаққа созады)
Көбелектей қонамыз (орындарына отырады)
Сабақтың ортасы
7 мин
2 мин
7 мин
7 мин
10 мин
(МК) «Жұбында тап»
Оқушыларға оқу құралдарының суреті мен сөздері беріледі. Бір – бірінің жұптарын тауып, атауларын айтады.
Қалам
Қарындаш
Дәптер
Оқулық
Желім
Өшіргіш
Мынау – қарындаш.
Мынау – қалам.
Мынау – дәптер.
Анау – өшіргіш.
Сергіту сәті Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай балалар, үп-үлкен боп өседі.
(Ұ, Ө) «Мен білемін»
Оқушылар жаңа сөздерді суретпен сәйкестендіреді. Презентацияда берілген үлгі бойынша жауаптарын дұрыc/ бұрыстығын тексереді.
Қалам
Қарындаш
Дәптер
Өшіргіш
Оқулық
Желім
(Ө) «Кел сөйлесейік!»
Оқушылар шеңберге шығады. Өздерімен бірге бір оқу құралын алып шығады. Мұғалімнің көрсеткен үлгісі бойынша бір – бірінен бар заттарын сұрайды.
Менде жасыл дәптер бар.
Сенде бар ма?
(Ө) «Кел оқиық!»
Оқушылар суреттерге қарап, мынау/анау сөздерін дұрыс қолданып айтады.
.
Сабақтың соңы
4 мин
Смайликтер арқылы сабақтағы жұмысына қорытынды жасайды. - өте жақсы
- жақсы
- қиын болды
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы дайындалу? 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Күні:
Сынып: 1
Пәні: Сауат ашу
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Мұғалімі: Хурманхан Жібек
Сабақтың тақырыбы:
Ортақ тақырып:
19-сабақ Дыбыстар әлемі несімен ұнайды?
Дыбыс
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.3.8.1 Жазу жолын жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жіне төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар: Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе
оның илл иллюстрациясы бойынша болжайды. Каллиграфиялық
талаптарға сай жазады.
Көпшілік оқушылар: Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.
Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады
Бағалау критерийлері
Мәтіннің мазмұнын, тақырыбын болжайды.
Әріпті танып ажыратады, сәйкестендіреді.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Музыка, дүниетану
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба
Тілдік құзыреттілік
Дыбыс
Бастапқы білім: Бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
2 мин
1 мин
1.Ширату
«Кір жаятын жіп» әдісі
Жан-жануарлардың суреттері арқылы олардың қалай дыбыстайтынын сала отырып,дыбыстарды ажырату.
-Біз суреттерден нелерді көріп отырмыз?
-Осы суреттегі жан-жануарлар сөйлей біледі ме?
-Қандай дыбыстар шығарады?
Мөөөөөө , мәәәәәәәәә
2.Топқа бөлу «Капитан» әдісімен
Жан-жануарлардың суреттері
Аудиожазба
Сабақтың ортасы
Сергіту сәті
2 мин
Тапсырма:«Бірге ойлаймыз» әдісі.(Ұ)5 мин
Суреттерге қара.
Балалар қандай дыбыстарды айтады? (Ұ)
Талқылау сұрақтары
-Суреттен кімді көріп отырмыз?
-Ол қандай дыбыс шығарып тұр?
-Осы дыбыстарды әріппен алмастыруға бола ма?
Есіңе сақта!
Дыбыстарды айтамыз және естиміз.Әріптерді көреміз және жазамыз.
Дескриптор:
-сурет бойынша болжайды.
-дыбыстарды ажыратады.
Мадақтау:
Жарайсың! Өте тамаша!
Кері байланыс:
Дыбыстардың анық айтылуына көңіл бөл!
Тапсырма: «Адасқан әріптер» әдісі (Ж) 5 мин
№2 Әр топтағы әріптерге қара. Сен қайсысын білесің?
Жоғардағы сөздердің ішінен таныс сөзді тап.
Дескриптор:
-әріптерді біледі,таныс сөзді табады.
Мадақтау:
Керемет! Алға ұмтыл!
Кері байланыс:
Каллиграфиялық талаптарды сақта.
Сергіту сәті 2 мин
Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)
Тапсырма «Адасқан әріптер»әдісі. (Т) 12 мин
Суреттер мен әріптерді сәйкестендір
л
қ
т
Дескриптор:
-әріптерді ажыратады.
-суреттерді әріптермен сәйкестендіреді.
Мадақтау:
Тамаша! Керемет!
Кері байланыс:
Әріптердің жазу каллиграфиясын сақтап жазуға дағдылан!
Саралау 6 мин
Қолдау көрсететін оқушылар:
Таныс әріптерді ата.
Қабілеті жоғары оқушыларға:
Әріптерден сөз құра.
Суреттер
Әріптер
Әріптер(қазақ-
ша,орысша,ағылшынша)
Суреттер
Сабақтың соңы
5 мин
Рефлексия
Смайликтер
Дифференциация (саралау) – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалауды – қалай жоспарлайсыз?
Жарайсың! Керемет!
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау жүзеге асады.
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Пән: Математика
Ұзақ мерзімді сабақ жоспары: Сандар мен цифрлар
Күні:
Сынып: 1
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Хурманхан Жібек
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Тура және кері ретпен санау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.1.1.5. 20-ға дейінгі сандарды жұппен ,яғни екі-екіден топтап тура және кері санау; тәжірибе арқылы 2,4,6,8,10 заттың жартысын табу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санай алу.
Оқушылардың басым бөлігі:
Жұп сандарды білу және екі-екіден санай отырып жұптың санын анықтау.
Кейбір оқушылар:
Тақырыпқа байланысты мысалдар келтіріп, тәжірибе арқылы 2,4,6,8,10 заттың жартысын табу.
Бағалау критерийлері
20-ға дейінгі сандарды екі-екіден топтап тура және кері санайды.
Жұп сандарды біледі және екі-екіден санай отырып жұптың санын анықтайды.
Тәжірибелер арқылы 2,4,6,8,10 заттардың жартысын табады.
Тілдік мақсат
Оқушылар:
Заттарды тез санау үшін жұппен яғни екі-екіден санауды біледі.
Екі-екіден топтап тура және кері санайды.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Жұп – пара – couple
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
Косылғыш, қосындының мәні, жұп, екі-екіден сана.
Талқылауға арналған тармақтар:
Заттарды тез санаудың қандай тиімділігін білесің?
-Дәлелдеп айта аласыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныстар
Жұп сандарды кері ретпен жаз.
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану, сауат ашу,бейнелеу
Топқа бөлу: 4топқа бөлінеді. Мен сыныптың жан жағына қосу мен азайту амалына берілген санды өрнектер, теңдіктер мен теңсіздіктерді іліп тастадым. Енді сіздерге тапсырма:
Әр оқушы бір тапсырмадан алып тиісті тобының жанына барады.
Тапсырмаңызды алдымен жеке орындап мәнін табасыңыздар.
Кейін топпен ақылдасып яғни бір-біріңді тексеріп, салыстыра отырып топпен шешім қабылдаңыз.
1-топ « + »
2-топ « - »
3-топ « = » (теңдік)
4-топ «≠» (теңсіздік)
Топты қорғайды. (математикалық тілде әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды оқиды)
Сабақтың ортасы
Сергіту сәті
Білу. Түсіну
Кітаппен жұмыс
1-тапсырма
1-топ. Екі-екіден сана. Барлық қатысушылар саны қанша? Сайысқа неше биші жұп қатысты?
2-топ. Барлығы неше дөңгелек? Барлық велосипед дөңгелектерін қалай тез санауға болады?
Аяқ-киімдеріне қарап , қанша баланың суға түсуге келгенін сана.
Дескрипторлар Оқушылар екі-екіден берілген бишілер жұбын анықтайды.
Велосипед дөңгелектерін тез санауға үйренеді
Қоңыз бен көбелектердің саны мен жұбын біледі.
Аяқ-киімдеріне қарап суға түсуге келген балалар санын анықтайды.
ҚБ: Топтық бағалау 2-тапсырма «Шығармашылық тапсырма» (Интербелсенді әдіс)
Жұп сандарды қорша (жеке жұмыс)
Жұп сандарды сандық сәулеге орналастыр (Жұппен)
Жұп сандарды кері ретпен жаз (топтық)
3,6,11,13,2,16,7,8,4,15,20,1,10,12,9,5,1,14,18,
Дескриптор
Сандар қатарындағы жұп сандарды анықтайды. 2
Жұп сандарды қоршайды. 1
Жұп сандарды сандық сәулеге орналастырады. 2
Жұп сандарды кері ретпен жазады. 2
ҚБ: Балл
Қолдану
3 - тапсырма
Тәжірибелік жұмыс : Парталас оқушымен жұп құрап , сапқа тұрыңдар. Екі- екіден топтап саналыңдар. Қатардағы оқушылардың санын жаз. Екі-екіден топтап кері санап көр.
Дескриптор
- Екі-екіден топтап тура санайды.
- Қатардағы оқушылар санын жазады
- Екі-екіден топтап кері санайды.
ҚБ:
Егер саған ұнаса,
Саусағыңды тарсылдат.
Егер саған ұнаса,
Аяғыңды тарсылдат.
Егер саған ұнаса,
Шапалақта балапан.
Егер саған ұнаса,
Айтайықшы ТАМАША.
Топтық жұмыс
(оқылым, айтылым,тыңдалым)
Ж: Барлық саны-14, биші жұп - 7
Ж: В.дөңгелектер-10
Ж: 5-қоңыз,
5-көбелек
5 жұп болады.
Суға түсуге 6бала келген.
12 аяқ-киім бар
Жеке, жұптық , топтық жұмыстар
(жазылым)
20,18,16,14,12,10,8,6,4,2
Сабақтың соңы
5 мин
Оқушылар сабақтың соңында :
Заттарды екі-екіден санауды меңгереді.
Оқушылардың сабақ тақырыбын түсінгенін тексеру үшін төмендегі сұрақтарды қоямын:
Ашық сұрақтар
Бүгін сабақта санаудың қандай түрімен таныстыңдар?
4-тен бастап 20-ға дейін екі-екіден сана.
10-нан екі сан аттап кері сана.
Адам денесіндегі жұп мүшелерді ата.
Өзіңізде бар жұп заттарыңызды ата.
*Екі-екіден санауды, тез санаудың түрін
*4,6,8,10,12,14,16,18.
*10,8,6,4,2.(3тілде айту)
*(көз, құлақ, қас,қол, аяқ).
Мыс: 4қарындашым бар, 2велосипетім бар, 6 маш.ойыншығым бар.т.б
қосымша мәліметтер
Саралау – оқушы
ға мейлінше
қолдау көрсетуді қалай жоспарлай
сыз? Қабілетті
оқушыға тапсырма
ны қалай түрлендіресіз?
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Қабелетті оқушыларға тапсырманы күрделендірдім.
Пəнаралық байланыс
Көркем еңбек, жаратылыс тану, музыка.
Рефлексия
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз.
Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Сабақта өз мақсатыма жеттім
Бүгін оқушылар не үйренді?
Екі-екіден санауды, тез санаудың түрін үйренді.
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жақсы деңгейде өтті
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма
Жоспарлаған сабағым іске асты
Уақытты қалай
пайдаландым?
Уақытты үнемдеп пайдаландым
Жоспарыма қандай өзгерістер
енгіздім жəне
неге?
Сабақты жоспарлауды. Қысқа мерзімді жоспар құрмас бұрын орта мерзімді жоспарға сүйене отырып жаздым.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырамын.
Оқушының жеке тұлға ретінде өзіне деген сенімділігінің күшеюіне ықпал етуді жоспарладым.
Өзімнің көшбасшылық қабілетімді көп іздену арқылы дамытамын.
Қорытынды
бағалау
Смайликпен
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз(оқыту мен оқуға байланысты)
1. Ашық сұрақтар .
2.Балалар ойынға қызыға қатысты.
Қандай жақсы екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
1.Оқушылардың бірлесе топпен жұмыс істеуі.
1.Ойлау қабілеттері дамыса.
2.Өзара көмек жүзеге асса.
Барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде
Оқушылар топта жұмыс жасай отырып, өз бетімен жұмыс жасау дағдысының қалыптасатынын білдім
Сабақ тақырыбы:
Бір таңбалы сандарды қосу және азайту
Мектеп:
Күні :
Мұғалімнің есімі: Хурманхан Жібек
СЫНЫП: 1-сынып
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:
1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру,білу және қолдану.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады, біледі және қолданады;
“+”, “–”, “=” таңбасын қолдану;
қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады.
Ресурстар:
маркерлер;
топта жұмыс істеу үшін әр оқушыға арналған ламинатталған А4 форматты қағаздар;
қосу кестесінің көрнекі түрі.
Тірек сөздер
қосу кестесi.
Сабақтың мақсаты:
Қосу амалының нәтижесін қосу кестесін пайда-ланып анықтау дағдысын қалыптастыру.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер
Қосу кестесі қосу амалының нәтижесін тез есептеу үшін қажет. Сабақта оқушылар барлық бір таңбалы сандарды қосу үшін қосу кестесін құрастырып және пайдаланып үйренеді. Соның ішінде ондықтан аттап қосуда да кестені пайдаланады. Кестенің көмегімен 20-ға дейінгі сандарды қосып, нәтижесін тауып үйренеді.
— Заттарды сатып алу үшін қажет ақшаны са-нағанда ересек адамдар үнемі сандық сәулені пайдалана ма?
Ересек адамдардың бір таңбалы сандарды қосудың нәтижесін ойша есептейтінін айтыңыз. Олардың алған білімдері қосу мен азайтудың нәтижесін тез есептеуге көмектесетінін айтып өтіңіз. Бір таңбалы сандарды қосу нәтижесін жатқа білу керектігін ескертіңіз.
Кіріспе тапсырма. Бір таңбалы сандарды қосу-дың кестесін құрастыру мақсатында жобалық жұ-мыс ұйымдастырыңыз. Кесте кез келген уақытта пайдалану үшін анықтама кітап түрінде жасалуы мүм-кін. Бұл анықтама кітабына бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу нәтижесі кіру керек екенін ескертіңіз.
Олардан мына сұрақтарды сұраңыз:
— Анықтама кітабында бірінші қай мысал тұру керек? (1 + 1 = 2.)
— Екінші сан — 1. Бірінші санның орнына қандай бір таңбалы санды қою керек? (Өсу ретімен 1-ден 9-ға дейінгі сандар.)
— Егер екінші қосылғыш — 2 болса, бірінші қосыл-ғыштың орнына қандай бір таңбалы сандарды қоюға болады? (Өсу ретімен 1-ден 8-ге дейінгі сандар.)
— Анықтама кітапқа ең соңында қандай мысалды жазасыңдар? (1 + 9 = 10.)
Оқушыларды топтарға бөліп, жұмысты жалғас-тыруды ұсыныңыз. Әр топқа қосу кестесінің бір бөлігін құрастыруды тапсырыңыз. Ол үшін оқушы-ларға А4 форматты қағаздарын таратып беріңіз. Оқушылар қағазға қосу кестесінің бір бағанындағы сандарды жазады. Барлығы 9 баған. Тапсырманы сыныптағы құрастырған топтарға байланысты бе-ріңіз. Оқушылардың дайындық деңгейіне қарай тапсырманы дифференциациялаңыз. Мысалы сы-ныпта 3 адамнан тоғыз топ құруға болады. Сонда әр топта қосу кестесінің өз бағанын құрастыруға болады. Топтар саны үшеу немесе төртеу болса, қосу кестесінің үш не төрт бағанын құрастырады. Қосу кестесіне жоба құрастыру аяқталған кезде, барлық беттерді жинап, анықтама кітап жасап, сыныптағы көрнекі жерге қойыңыз. Оқушылардың жасаған жұмыстарына алғыс білдіріп, олар бірге жасаған анықтама кітапты бір таңбалы сандарды қосуды жатқа білгенге дейін керек кезде пайдаланып жүретіндерін ескертіңіз.
Қосу кестесін зертте. Қосу кестесінің қандай бағандардан тұратынына назар аударуын сұраңыз. Бірінші саннан бастап кестедегi қосудың баған бойынша орналасуындағы ортақ негізгі принципін айтыңыз.
Ойлан. Тапсырманы барлық оқушылармен бірге орындаңыз.
Қандай сандардың қосындысының нәтижесі 10 болатынын кестені зерттей отырып іздеуді ұсы-ныңыз.
Жауабы:
9 түрлі жағдай:
9 + 1; 8 + 2; 7 + 3; 6 + 4; 5 + 5; 6 + 4; 7 + 3; 2 + 8; 1 + 9.
Шығарып көр. Оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Қосу кестесін қолданып, мысал-дарды орындауды ұсыныңыз. Оқушыларды бір-бірі-не көмектесе алатындай етіп бөліңіз. Мысалдардың жауабын параққа жазып, тексеру кезінде бір-біріне көрсетуді ұсыныңыз.
Тапсырмада қосудың ауыстырымдылық қасиетіне байланысты мысалдар барын ескеріңіз. Бұл заңның кейінірек кеңінен қолданылатынын айтыңыз.
Жауабы:
мысалдың бірінші қатары: 9, 8, 8, 7; мысалдың екінші қатары: 5, 9, 10.
Орындап көр. Жұмысты топпен ұйымдасты-рыңыз. Оқушыларға қосу компоненттерін атауды және мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шешуді ұсыныңыз. Талдау жасатыңыз. Қосу кестесінде 0 са-нымен қосудың жағдайлары берілмеген. 0 санының ерекшелігіне байланысты қосу кестесінде бұл сан үшін жеке бағанның болуының қажеті жоқ. 0 санымен қосу амалын орындау ерекшелігін байқап және есте сақтауы керек: 0 санын кез келген санмен қосқанда сол санның өзі шығады.
Жауабы:
7 + 0 = 7;
5 + 0 = 5;
3 + 0 = 3;
2 + 0 = 2;
6 + 0 = 6;
4 + 0 = 4.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмалар
Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушы-лардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).
Жауаптары бірдей болатын мысалдарды сызықпен қос. Оқушылар мысалдарды қосу кес-
тесінің көмегімен шешеді және жауаптары бірдей мысалдарды сызықтармен қосады.
Жауабы:
4 + 5 = 9; 3 + 6 = 9;
6 + 2 = 8; 4 + 4 = 8;
8 + 2 = 10; 7 + 3 = 10;
3 + 4 = 7; 2 + 5 = 7;
4 + 1 = 5; 3 + 2 = 5;
3 + 3 = 6. 4 + 2 = 6.
Қосу кестесінің көмегімен жауаптарды тап.
Mысалдарды мұқият қарап шығып, қосу кестесінің көмегімен тапсырмаға сәйкес келетін нұсқаларды табу керек. Сосын олар бірінші қосылғышты көк, ал екіншісін қызыл қарындашпен қоршау керек.
бір таңбалы сандарды қосу үшін кестені пай-далануды меңгереді.
Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгер-
генін білу үшін мына сұрақтарды қойыңыз:
— қосу кестесі не үшін қажет?
— қосу кестесінде неше баған бар?
— кестедегі ең кіші сан шығу үшін қандай бір таңбалы сандарды қосу керек?
— кестедегі ең үлкен сан шығу үшін қандай бір таңбалы сандарды қосу керек?
Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.
Күні:
Сынып: 1
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау
1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдайды.
Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.
Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Жетістік критерийлері
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
Мектеп, школа,
school.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
Ертеңгілік шеңбері
Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.
Берілген өлеңді түрлі эмоциямен айту. (көңілді, көңілсіз, ашулы)
Бірінші күн- дүйсенбі
Екінші күн – сейсенбі
Үшінші күн – сәрсенбі
Төртінші күн — бейсенбі
Бесінші күн — жұма
Алтыншы күн- сенбі
Жетінші күн- жексенбі.
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
8 минут
1 минут
5 минут
3 минут
16 минут
Жаңа сабақты түсіндіру
Суреттен не көріп тұрғаныңды айт. Бүгін қандай күн? Бұл күн сенің өміріңе қандай өзгерістер әкеледі деп ойлайсың?
СЕРГІТУ СӘТІ.
Бәрі оянады
Күн, күн, күн.
Бәрі ұйықтайды
Түн, түн, түн.
Сызбаны оқушыларға түсіндіру
№
Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті
Сұрақ парақшалары.
Оқулық, дәптерлер.
Сызба парақшалары.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
Смайликтер
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Сөйлеу-речи-speeches
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пән: дүниетану
Мерзімі: 17.11.20
Ортақ тақырып: Менің мектебім
Мектеп:
Сабақ:
Мұғалімнің аты-жөні: Хурманхан Жібек
Сабақтың тақырыбы: Мен және менің мектебім
Сынып: 1 «А»
Қатысқандар:20
Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
1.1.2.1. мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау
1.1.2.2. мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтау.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: өз мектебі туралы біледі, мектепте кімдер жұмыс істейтінін және олардың қызметі туралы түсінеді
Оқушылардың басым бөлігі: мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтайды
Кейбір оқушылар: мектептегі кітапхана қызметін пайдалана алады, кітаптарды қолданады, оқыған кітаптардың мазмұнын басқаларға түсіндіреді, кітапхана ережелерін құрастыра алады
Бағалау критерийлері
1. Мектептің маңыздылығын біледі.
2. Мектепте жұмыс істейтін адамдар туралы әңгіме құрастырады.
3. Сурет пен сөзді сәйкестендіреді.
Тілдік мақсат
Оқушылар мектеп туралы әңгіме құрастыра алады
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: мұғалім, кітапханашы, аспаз, дәрігер
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: ауызша, жазбаша
Талқылауға арналған сұрақтар: Өз мектебің туралы не білесің? Мектепте кімдер жұмыс істейді?
Не себепті мектеп қызметкерлерінің жұмысы маңызды деп ойлайсыз?
Әртүрлі қарым-қатынас, игі істер қоғам игілігіне бағытталатынын біледі
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі
Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)
ресурстар
Сабақтың басы
1 минут
2 минут
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері.
Сәлем бердім мен күнге
Сәлем бердім мен саған.
Сәлем бердім апайға.
Қонақтарға құстарға
Шеңберге қолдарынан ұстап тұру.(муз әуенімен)
Қолды жоғары,жанға созу.
Жүректен –жүрекке
Біздің топтың ұл-қыздары
Тату-тәтті ойнайды
Әлемдегі бар адамға
тек жақсылық сыйлайды
алақандарын жоғары көтеріп үрлейді
2. Оқушыларды «мұғалім», «дәрігер», «аспаз», «кітапханашы» бейнеленген суреттер бойынша 4 топқа бөлу. Әр топтан осы мамандық иесі туралы не білетіндерін сұрау.
суреттер
Ортасы
3 минут
5 минут
3 минут
6 минут
1 минут
3 минут
6 минут
2. «Мектеп» сөзіне топтастыру жасату «Өрмекші торы» әдісі бойынша
Қалыптастырушы тапсырма Әр оқушыға жеке таратылады (А)
Суреттерге мұқият қараңыз. Олардың бір-бірімен қандай байланысы бар?
Оқушылар мектепке не үшін барады?
Өлең жолдарын тыңдап, ойыңызбен бөлісіңіз.
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың! (М.Мақатаев)
Дескриптор:
- суреттердің байланысын анықтайды;
- мектептің рөлі туралы ойын айтады
- өлең жолдарына сүйеніп, ой бөліседі.
Кері байланыс
5. Топтық жұмыс. «Елші» әдісі бойынша
Оқулықпен жұмыс . Әр топ «Мектепте кімдер жұмыс істейді?» әңгіме құрастырады.
Дескриптор:
мектепте кімдер жұмыс істейтінін атайды
олар қандай жұмыс атқаратынын анықтайды
әр қызметкерге құрмет көрсетуді түсінеді
Кері байланыс Топтар бір-біріне кері байланыс береді
Сергіту сәті «Аяулы мектебім» әніне қимыл жасату.
6. Жеке жұмыс .Дәптермен жұмыс.. Сурет пен сөзді сәйкестендіру
Дескриптор:
сөздерді оқиды
суреттерді анықтайды
сурет пен сөзді сәйкестендіреді
Кері байланыс «Үлгердім, үлгермедім»
7. «Сен білесің бе?» Ыбырай Алтынсарин туралы бейнежазба көрсету
Дескриптор:
Қазақстанда алғашқы мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин екенін біледі;
алғашқы мектептер қандай болғанын көреді;
сол кезеңде білім алу қаншалықты қиын болғанын түсінеді
слайд
оқулық
оқулық
жұмыс дәптері
Аудиожазба
Бейнежазба
Соңы
10 минут
8. Кітапханаға саяхат.Мектеп кітапханасы туралы слайд көрсету
А оқушы – мектеп кітапханасында қандай заттар бар екенін атайды
В оқушы – мектеп кітапханасының сызбасын сызады
С оқушы – кітапхана ережелерін құрастырады
Дескриптор:
кітапхана қайда орналасқанын біледі;
кітапханашының жұмысын түсінеді
Қалыптастырушы бағалау – әр тапсырмадан кейін ауызша жүргізіп отырамын
Қосымша мәліметтер
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
А оқушы – мектеп кітапханасында қандай заттар бар екенін атайды
В оқушы – мектеп кітапханасының сызбасын сызады
С оқушы – кітапхана ережелерін құрастырады
Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған сарау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс еңгіздім және неге?
Сабақ мақсаты мен оқу мақсаты орындалды.Оқушылар өз мектебі туралы білді, мектепте кімдер жұмыс істейтінін және олардың қызметі туралы түсінді және алғашқы мектеп туралы ,алғашқы ұстаз туралы білді .Топтық жұмыс,жұптық жұмыс,жеке жұмыс жасауды үйренді.Ортада өзін қалай ұстауды үйренді .
А оқушы – мектеп кітапханасында қандай заттар бар екенін атайды
В оқушы – мектеп кітапханасының сызбасын сызады
С оқушы – кітапхана ережелерін құрастырады
Уақытты тиімді пайдаландым. Жоспарыма ешқандай өзгерістер енгізген жоқпын. Әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау ауызша жүргізіп отырдым және оқушылар да бір-бірлеріне (топтар,жұптар) кері байланыс беріп отырды