Сұйық дәрілік формалардың артықшылығы мен кемшілігі. Сұйық дәрілік формалар басқа дәрілік формаларға қарағанда кең қолданылады:
) Белгілі технологиялық әдіс қолдана отырып, агрегаттық күйдегі дәрілік затты ерітіндіде ерітіп оның ағзаға емдік қасиетін арттырады;
2) Сұйық дәрілік формалар өзінің әр түрлі қосылыстарымен және қолдану тәсілдерімен ерекшеленеді;
3) Сұйық дәрілік формалардың қосылысында кейбір дәрілік заттарда қоздыратын әрекеттін аз болуы (бромидтар, йодидтар және т.б.);
4) Мұндай дәрілік формалар қолдануға өте ыңғайлы және жеңіл;
5) Сұйық дәрілік формаларды қолдану барысында дәрілік заттардағы ащы немесе жағымсыз дәмдерді білдірмеуге болады, әсіресе балаларға арналған дәрілерге қолданылары;
6) Мұндай дәрілік формалар, қатты дәрілік (порошок, таблетка және т.б.) формаларға қарағанда, ішкен кезде тез сіңіп жылдам әрекет жасайдың;
7) Жұмсарту және бүркеуіш әрекет осы сұйық жәрілік формаларда көп байқалады.
Сонымен қатар, сұйық дәрілік формалардың кемшіліктері де баршылық:
1) Олар көп сақтауға бейімделмеген, өйткені сұйық күйінде олар реакцияланады;
2) Ерітінділер микробиологиялық бұзылуға тез ұшырайды, олардың сақталу мерзімі – 3 тәуліктен аспайды.
3) Сұйық дәрілік формаларды жасау үшін көп уақыт және арнайы ыдыс талап етеді, тасымалдауға қолайсыз;
4) Сұйық дәрілерде, басқа дәрілерге қарағанда, дәлдік мөлшерін анықтау өте қиын, өйткені қасықпен немесе тамшымен мөлшерленеді.
Коллоидтық ерітінді. Коллоидтық ерітінді гетерогенді жүйе болып келеді. 1 бөлшегі 1-100 нм құралады. Электронды микроскоптар ардайым коллоидты қосылыстарды анықтай бермейді.
Суспензиялар (suspensio) – олар ұсақталған қатты заттар мен сұйық фазалардан құралған жүйе. Бөлшек өлшемдері 0,1 ден 50 мкм-ға дейін ауытқиды. Суспензиялар гетерогенді болып келеді, коллоидты ерітіндіге қарағанда тұнбалы сұйықтық. Оның бөлшектері кәдімгі микроскоппен көрінеді.
Эмульсиялар (emulsus) дисперсиялық жүйеден құралған. Бөлшек өлшемі 1 ден 150 мкм-ға жетеді. Эмульсия өзара ерімейтін немесе өзара аз еритін сұйықтыққа жатады.
Құрастырылған дисперсиялық жүйе экстракциялық дәрілік формалардан құралған (тұнба, қайнатпа, шырыш). Мұндағы қатысушы заттар ерітінді, суспензия және эмульсия түрінде болады.
Сұйық дәрілік формалар былай бөлінеді:
1) Тысқы қолданыстағы дәрі-дәрмектер,
2) Ішкі қолданыстағы дәрі-дәрмектер,
3) Инъекциялық қолданыстағы дәрі-дәрмектер.
Ішкі қолданыстағы сұйық дәрілік формалар микстура (лат. mixturae — «араластыру») деп аталады. Мұнда дисперсиялық орта болып тек су ғана болып келеді.
Микстура үш ингредиенттен құралады. Қатқыл дисперсия тез отыратын және ішу алдында шайқалатын болады. Дәріханалық тәжірибеде оларды шайқалмалы микстура дейди mixturae agitandae (от лат. agito — «шайқау»). Жұқа ерітінділерді тұнбалы микстура деп атайды — mixturae turbidae (от лат. turbidus — «бұлдыр»).
Микстуралар ас (15 мл), десерт (10 мл) және шай қасықпен (5 мл) мөлшерленеді.
Ішуге арналған ерітінділерді 5-15 мл немесе шамалы суда араластырып ішуге тамшылармен белгілейді.
Хлороформ ( Chloroformium) Хлороформ – түссіз, тұнық, ауыр ұшпалы сұйықтық. Оның өзіне тән иісі мен тәтті дәмі болады. Сусыз спиртпен, эфирмен, бензинмен араласады. Суда аз ерігіш болып келеді (1:200). Тығыздығы 1, 474 — 1, 483. Қайнау температурасы +59 — 62 ‘С. Жарықта баяу бөлшектеніп сутегі хлориді мен фосген бөліп шығарады. Хлороформды тығыз жабылған ыдыстарда сақтайды. Тысқы қолданыстағы дәрілік формаларда қолданылады.
Этилспирті (Spiritus aethylicis, Spiritus vini) Этил спирті крахмалы бар шикізаттардың ашуы кезінде пайда болады, негізінен картоп пен бидай. Әр түрлі технологиялық тазартулардан өткеннен кейін спирттін керекті түрін алады.
Таза этил спирті тұнық, өзіне тән иісі мен күйдіргі дәмі бар сұйықтық. Ол ұшпалы, тез өртенгіш болып келеді. Жтил спирті көптеген дәрілік заттарға жақсы еріткіш болып табылады – эфир майлары, органикалық қышқылдар, смола, йод, және басқа еріткіштермен жақсы араласады – сумен, глицеринмен, флороформмен және т.б.
Спиртті сумен араластырғанда қызу және мөлшері азайғанын байқауға болады. Еріткіш ретінде этил спиртін фармацевтикалық технологияда тысқы және ішкі дәрілер жасауда, кейде инъекциялық дәрілер жасауда қолданылады.