2-тапсырмаFыығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру Құрал – жабдықтар: мектеп таразысы, массалары мен көлемдері бірдей екі дене, суы бар және судан басқа кез келген сұйық құйылған ыдыстар;
Жұмыстың барысы:
Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе теңдік қалпына келтіріңдер;
Егер бір денені де суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырса, таразының тепе – теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер. Жауаптарыңды тәжірибеде тексеріңдер.
Әр топ өздері тәжірибені қорытындылап, ортаға шығып нәтижесін түсіндіреді.
Барлық топты тыңдап болған соң оқушылар ығыстырушы күш қандай физикалық шамаларға тәуелді, қандай шамаға тәуелді емес екенін өздері қорытынды жасайды.
Дұрыс қорытынды жасағандарды оқушылар өздері бағалайды;
Зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жүргізу.
Есептер шығару (Жеке жұмыс) Мәрмәр және мыс кесектерінің массалары тең. Олардың қайсысын суда көтеру оңайырақ? Өз ойыңызды дәлелдеп, толық жазыңыз.
;
Бір ағаш білеушені сынап құйылған ыдысқа, сосын су құйылған ыдысқа, одан соң керосин құйылған ыдысқа салғандағы жағдайда білеушеге әрекет ететін кері ығыстырушы күшті салыстырыңдар.
Қосымша 1
Сабақтың соңы
5 мин
Кері байланыс Бүгінгі сабақта мен не үйрендім? Бүгінгі сабақта мен не жасай алдым? Бүгінгі сабақта не жасай алмадым?
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?