Ғылыми жаңалықтардың айқындаушы рөлін және олардың адамның күнделікті өміріне әсерін, ақпарат көздерінің түрлерін және зерттеу әдістерін: бақылау және тәжірибені біледі.
Тәжірибе жүргізу жоспарын құрастыруды, қоршаған әлемге бақылау жүргізуді және диаграммалар түрінде құрастырылған жоспар бойынша жүргізілген тәжірибе нәтижелерін белгілеуді, қорытындылар тұжырымдауды біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақты ұйымдастыру «Алма бағы» жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру (тақтаға алма ағашының суретін және оған түрлі түсті стикерлер (алма) жапсыру, сабақ басталғанда оқушыларға өзіне ұнаған алманы алуды тапсырыңыз. Сол арқылы оқушының сол сәттегі көңіл күйін білуге болады, сонымен қатар топқа бөлінеді).
(К) Балалар, алдарыңызда сумен толтырылған екі стақан берілген. Біреуіне - қабығы ашылмаған, ал екіншісіне - қабығы ашылған лимонды салсақ не болады, қалай ойлайсыздар? (Оқушылар әр түрлі болжамдар ұсынады және тәжірибені жасап көру арқылы болжам расталады немесе расталмайды)
(М) Осы қарапайым тәжірибе негізінде оқушыларда зерттеу сұрағын тұжырымдау және осы зерттеу сұрағы негізінде болжам жасау және тәжірибені жасап көру арқылы болжамның расталатын немесе расталмайтындығын тексеруге болатындығы туралы түсінік қалыптастыруға болады
Power Point презентациясы, алма ағашының суреті, түрлі-түсті стикерлер
http://www.7ya.ru/article/Opyty-dlya-detej-zanimatelnaya-nauka-v-domashnih-usloviyah/