1-тапсырма. Оқушылар жұптасып сұрақтарға жауаптарды схема түрінде көрсетеді:
Келесі мысалдарда қандай өлшемдер туралы сөз қозғалады:
сабақ 45 минут жүреді;
бөтелкеде 5 л су бар;
мұз 0 °С кезінде ериді;
d) автобус 40 км жүріп өтті.
Оқушылар мұғалімнің түсіндіргенін тыңдап, аспап (термометр, сызғыш, таразы және т.б.) көрсеткіштерін анықтаудың қадамдық жоспарын құрастырады. Жоспарды плакатқа жазады және «Әткеншек» әдістемелік тәсілінің көмегімен белгілер жасайды, бір-бірінен сұрайды.
«Әткеншек» - әдістемелік тәсілі:
Оқушылар жұмысты топта, мысалы бір нәрсенің тізбесін құрастыра отырып орындайды.
Кейін белгілі бір тәртіп бойынша сыныпта жылжи отырып, басқа топтардың постерлерінде белгілер немесе толықтырулар жасайды.
Аяқтағаннан кейін жалпы жұмыс қорытындысы талқыланады.
2-тапсырма. Топқа түрлі тапсырмалар беріледі.
Оқушылар әр түрлі аспаптармен өлшеу жөніндегі тәжірибелік тапсырманы орындайды
Сызғышпен (ағаш, темір, алюминий кесектің ұзындығы, ені, биіктігі) өлшеу
Термометрмен (сыныптағы ауа температурасы, бір рет қолданылатын стақандардағы суық және жылы судың температурасы) өлшеу
Өлшеу цилиндрімен (су мөлшері) өлшеу
Секундомермен (оқушының 10 рет отырып-тұруы) өлшеу.
Топтар өздерінің тәжірибелерінің нәтижелерін талқылап, өз жұмыстарын қорғайды.
Презентация
Қосымша 2
Ағаш, темір, алюминий кесектер, термометрлер, жылы және салқын суы бар стақандар, өлшеу цилиндрлері, секундомерлер немесе секунд көрсететін тілі бар сағаттар
Соңы
4-тапсырма. Оқушыларға таза парақ пен сызғыш алып, ұзындығы 10-11 см түзу сызуын сұрау қажет – олар қалаған ұзындықты таңдауы мүмкін, бірақ ешкімге айтпауы тиіс. Оқушылардан қасындағы адаммен парақтарын ауыстырып, олардың түзулерін өлшеп, қағазға жазып алуы керек. Парақтарды кері қайтарып, қанша оқушының дұрыс жауап алғанын тексеріңіз.