(С) Оқушылар өз жұмыстарын тексеру және бағалау үшін, «Деректер: Классификация» қысқа бейнематериалын қарайды.
(Т) Оқушылар топта ақпараттық параққа сүйеніп, әр патшалық туралы постер дайындайды. 5 топ, әрбір топ 1 патшалықты алады.
Тапсырманың критерийлері:
Патшалықтың атауы аталу қажет;
Патшалыққа жататын 5 өкілін мысалға келтіру;
Патшалыққа тән ерекше белгілерін сипаттау қажет.
Оқушылар өз постерлерін қорғайды. Тыңдап отырған оқушылар постерді критерий бойынша бағалап, кері байланыс ұсынады. «Сэндвич» әдісін пайдалануға болады.
(С) Сергіту сәті. Оқушыларға презентацияда патшалықтар өкілдерінің суреттері көрсетіледі, олар орындарынан тұрып:
- егер бактерия болса – екі қолын көтереді;
- егер протист болса – бір қадам алға жасайды;
- егер саңырауқұлақ – екі рет шапалақтау;
- егер өсімдік болса – бір қадам артқа жасайды;
- егер жануар болса – парталас көршісімен орынмен алмасады.
(Ж) Оқушылар жұпта патшалықтар туралы жұмбақ ойлап тауып, оны сыныпқа жасырады.
Тапсырма критерийі: жұмбақта белгілі 1 патшалыққа тән белгі аталу қажет.
Дескрипторлар: 1. Патшалықтың атауын береді
2. Патшалықтың өкілдеріне мысал келтіре алады.
3. Патшалыққа тән ерекше белгілерді біледі, тізіп жазады.
Өзара бағалау, қате берілсе кері байланыс беру.
Видео «Жердегі ағзалар алуандылығы»
Ребустар
Видео «Деректер: Классификация»
Ақпараттық парақ
Презентация
Сабақ соңы
38-40
Сабақ мақсаты мен критерийлерін оралып, кері байланыс жүргізу. «Карта» әдісі: оқушылар сабақ соңында картаның қандай аймағында екендігін анықтайды.