теңдеулер жүйелері арқылы мәтінді есептерді шығару
Сабақ мақсаттары
мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару
Бағалау критерийлері
Мәтіндік есеп моделін құрады
Модельмен жұмыс жасайды
Есеп шартына сәйкес жауапты жазады
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Оқушы әрекеті
ресустар
Сабақтың басы
5 минут
Оқушылармен амандасу.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларға жаңа тақырып пен сабақ мақсатын айту.
Сабақ мақсатына байланысты бағалау критерийлерін көрсету.
Оқушыларға ББҮ кестесін толтырту:
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Сабақтың ортасы
35 минут
Жұптық жұмыс
Оқушыларға берілген сөйлемдерді оқып, екі айнымалыдан тәуелді теңдеу немесе өрнек құруды ұсыну:
1: екі натурал санның қосындысы 16-ға тең.
2: тікбұрышты үшбұрыш периметрі 12-ге тең.
3: тікбұрышты үшбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 8 см артық.
4: екі натурал санның көбейтіндісі 28-ге тең.
5: Тәктөртбұрыш диагоналы 5 см.
6: екі таңбалы санның бірлігі мен ондығының орнын ауыстырғанда бастапқы саннан екі есе артық сан алынады.
Ұжымдық жұмыс:
Тақтада мұғалім оқушылармен бірге 2 мысал есепті талдайды. Мәтін есептің әр бір шешу этапатарын оқушыларға көрсетеді.
Топтық жұмыс:
№2 топ тапсырмасы: Екі таңбалы сан өзінің цифрларының қосындысынан 3 есе артық. Егер берілген саннан оның цифрларының көбейтіндісін азайтса 13 шығады. Екі таңбалы санды табыңыз.
Теңдеулер жүйесін құрады;
Теңдеулер жүйесін шешеді;
Есеп шартына сәйкес жауап жазады.
Бағалау: Топтар тақтада немесе постерде өздерінің шығарған есептерін презентациялайды. Мұғалім қажет жағдайда топтарға қолдау көрсетеді, оқушылармен бірге құрылған модельдің дұрыстығын талқылайды. Оқушылар дескрипторларды және дайын жауаптарды пайдаланаып жұмыстарын өздері бағалайды. Мұғалім сындарлы кері байланыс береді.
Бағалау:
Әр жұп өздерінің жұмысын басқа жұптармен салыстырып, талқылайды. Мұғалім оқушылар жұмысын бақылайды. Қажет оқушыларға қолдау көрсетеді. Дайын жауапты тақтада көрсетіп, жұптар өздерінің жауаптарын тексереді. Мұғалімнің кері байланысы.
Мысал – есеп №1:
1-ші комбайншы 2-ші комбайншыға қарағанда бөлінген жердегі егінді 24 сағ тезірек орады. Екі комбайншы бірігіп жұмыс істесе барлық егінді 35 сағ орып бітіреді. Әр комбайншы егінді жеке неше сағатта орып бітіреді?
Мысал – есеп №2:
Екі таңбалы сан цифрларының қосындысынан 4 есе артық. Егер осы санға оның цифрларының көбейтіндісін қосса онда шыққан сан 32-ге тең. Екі таңбалы санды табыңыз.
Дескрипторлар:
Санның ондығын х арқылы , бірлігін y арқылы белгілейді;
4 еселенген цифрларының қосындысын 10х+у теңестіреді;
Берілген саннан ху азайтады;
Теңдеулер жүйесін құрады;
Теңдеулер жүйесін шешеді;
Есеп шартына сәйкес жауап жазады.
Сабақтың соңы
5 минут
Сабақ соңында оқушылар ББҮ кестесін толтырады.
Мұғалім үй тапсырмасын береді. №110, 125.