М/Б Оқушыл ар мәтінді пайдаланып, ФОРСАЙТ талдамасын жүргізеді
Мәтін. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді.......
Сабақтың соңы
III. Ой толғау. М/Б 1. Оқушылар сабақ барысында алған мағұлматтарды пайдаланып, ЭССЕ жазады
Тақырып : « Мәдени саясат »
Мәдени саясат - мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы Мәдени өнім әр азамат өзінің елін мақтан тұтатындай тәрбиелеуі қажет. Біз тарихи-мәдени мұраға бай елде тұрамыз, бізде бірегей мәдени және табиғи объектілер, тарихи ескерткіштер, мінәжат орындары жеткілікті.
Алайда, бәрі бола тұра, өзінің лайықты дамуына жете алмауда. Осыған орай, барлық ресурстарды біріктіру, бар құралдарды қолдану және бәсекеге қабілетті мәдени ортаны қарқынды дамыту үшін жағдайлар жасау қажет. Қазақтарда әрқашан да жеті ұлы рухани құндылығы, яғни «Жеті қазынасы» болды. Сондай-ақ, тұжырымдама жобасында ұлттың мәдени кодының жеті бөлігі: мұра, дәстүр, салт, тіл, отбасы, шаруашылық жүйелер, мерекелер анықталған.
Бұл туылғаннан қалыптасатын, өмір бойы адамды сүйемелдейтін және ұрпақтан-ұрпаққа берілетін құндылықтар. Тарихи түп тамырын құрметтейтін және дәстүрін сақтайтын халық – өз мәдениетін үнемі басымдықта ұстау қажет. Келешекте отандық мәдениет пен өнерді әлемнің мәдениет процесіне біріктіре отырып, дамыту керек. http://www.abai.kz/post/39948