Сабақ тақырыбы Тікбұрышты параллелепипед Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет5/13
Дата06.01.2022
өлшемі1,07 Mb.
#12511
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сабақтың ортасы

Жаңаны ашу.

Тікбұрышты параллелепипед үшін барлық алты қырлары тіктөртбұрыштар.

Параллелепипед сөзін қалай түсініп, есте сақтаймыз?

Оның құрамын екіге бөлеміз: параллеле – параллельді дегенді білдіреді (грек тілінен аударғанда), пипед – жазықтық немесе параллель жазықтықтармен шектелген геометриялық дене дегенді білдіреді (грек.)

Қандай геометриялық дене екенін түсіну үшін оған кәдімгі кірпіштің пішіні сәйкес келеді.

Бұл – нағыз тікбұрышты параллелепипед.

Қай жағы қалай аталатынын есте сақтауға тура келеді: бізге қарап тұрған жағы алдыңғы деп аталады,

Дәл осындай жақтар артындада бар – бұл артқы жағы, бүйір жақтары – сол және оң.

Үстіндегі жағы үстіңгі деп аталады, ал фигура тұрған жағы төменгі немесе негізгі деп аталады.
Ортақ қабырғалары жоқ тікбұрышты параллелепипедтің екі жағы қарама-қарсы деп аталады.

Қарама-қарсы жақтары әрқашан тең.

Тікбұрышты параллелепипедтің қабырғалары бар екі қыры шектес жақтары деп аталады

6 тіктөртбұрышты қағаздан тікбұрышты параллелепипедтің жоғарғы жағын көрсететін жабық қорапшаны желімдеп жасау аса қиын емес. Ал егер керісінше барлық қабырғалардың бетін жағалай кессек, не болады? Онда ол қайтадан 6 тіктөртбұрышқа айналады. Бірақ біз барлық қабырғалары бойынша емес, абайлап кесеміз. Алдымен біз тікбұрышты параллелепипедтің бетін жоғарғы бөлікке жататын негізгі үш қабырғасы бойынша кесеміз. Сонда жоғарғы жағын ашқанда, қақпағы сияқты болып тұрады.

Осыдан соң біз бетін, яғни биіктігі болып табылатын төрт параллельді қабырғалары бойынша кесеміз. Енді қалған беттерін оңай ашуға болады және қалғандарын қағаздың тегіс бөліктеріне айналдыра аламыз.Біз тікбұрышты параллелепипедтің бетін қалай жазар едік. Егер керісінше барлық бүгілгендерді жасап, содан кейін кесу жүргізілген фигуралардан біз қайтадан тікбұрышты параллелепипедтің беткі жағын алып, қабырғаларын желімдейміз.

Жаңалық ашу үшін балалар практикалық жұмыс жүргізеді.

Берілген жазбаны белгіленген сызықтары бойынша бүктейміз.

Күлтелерінде желімдеудің реті жазылған.

Күлтелерін жапсыра отырып, алатынымыз:

№ 2 және № 3 желімдеулермен бірге бөлшектерді желімдейміз:

Тікбұрышты параллелепипедтің моделін аламыз:

№3 тапсырма

Шығармашылық тапсырма. Тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын салу үшін қандай өлшемдер жасаймыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет