Ойлан. Оқушыларға сұрақ қойыңыз: «Уақыт өткен сайын Жердің келбеті өзгере ме?» Адам баласының әр қабатқа қандай өзгерістер әкелетіні жайлы талқылаңыз. Оң және теріс ықпалдарға көңіл бөліңіз. Мысалы, үй жануарларын өсіру (сиырлар, қойлар) және жабайы табиғатта жануарларды жою (жолбарыстар, қар барысы). Оқулықтағы суреттерді қараңыз. Суретте қандай әсердің бейнеленгені жайлы талқылаңыз (өсімдіктер санының биосфера өкілдері ретінде өсуі) және атмосфераның ластануы.