6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
Python тілінің алфавитін біледі.
Көптеген оқушылар:
Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады.
Кейбір оқушылар:
Жазған программаның нәтижесін табады.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
Педагогтың әрекеті
Ресурстар
Сабақтың басы
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2.Өткен сабақты пысықтау.
«Банокомат» әдісі арқылы сұрақтар қойылады.Әрбір сұраққа 15 секунд уақыт беріледі.
Программалау дегеніміз не?
IDE-нің неше құрамдас бөлігі бар?
3. «Программалау тілі» ұғымы туралы не білесің?
4.Компилятор дегеніміз не?
5.Интерпретатор дегеніміз?
6.Print қандай оператор?
Оқушылпрды CAST LOTS бағдарламасы арқылы топқа бөліп аламын
Топ Print
Топ For
Топ If
Топ Input
Бағалау: өзін –өзі бағалау
слайд
Сабақтың ортасы
Жаңа тақырыппен таныстыру, сабақтың мақсаттарымен таныстыру. птерден сөз, сөздерден сөйлем құралатыны сияқты программалау тілінің де өз алфавиті бар. Программалау тілін үйренуді бастаған кезде оның командаларын жазу үшін қандай таңбалар қолдану керектігін анықтау керек. Python тілінің алфавиті төмендегідей құрылымға ие (1-схема).
Идентификаторлар (айнымалылар атауы) – әріппен басталатын цифрлар мен әріптер тізбегі. Идентификатор латын әріптерінен, төменгі сызу таңбасы _k1 және 0 мен 9 арасындағы цифрлардан құралады. Мысалы, A, s25, a1b88, tri_plus_dv, zzz. Python-ның әріптер регистрі үлкен және кіші әріптерге ажыратылып берілген. Мысалы, komp1 және KOMP1 – екеуі екі түрлі айнымалыға жатады. Программада қолданылатын айнымалыларды идентификатор деп атайды.
Айнымалы – мәні мен типі бар шама. Программамен жұмыс барысында айнымалылардың мәнін өзгертіп отыруға болады. Қызметтік сөздер. Кейбір атауларды программалау барысында айнымалы ретінде қолдануға болмайды. Мұндай сөздер қызметтік сөздер деп аталады. Мысалы: for, if, class, def және т.б. Python тілінің синтаксисі • Программадағы жолдардың соңына нүкте мен үтір қою міндетті емес. • Бірнеше команданы бір жолда нүктелі үтір (;) арқылы жазуға болады. •
Үш санның қосындысының мәні а айнымалысына меншіктеледі. Меншіктеу – айнымалыға жаңа мән жүктеу. 3. а айнымалысының мәні экранға шығады. Компьютер жадында айнымалылардың мәндерінің өзгеруін шартты түрде кесте арқылы көрсетейік. Программаның 1-жолы орындалғанда компьютер жадындағы 3 ұяшық a, b, c атауларын алып, оларға тиісті мәндер меншіктеледі. 2-қатар орындалғанда а, b, c ұяшықтарындағы.