Тақырыпты, оқу мақсатын, бағалау критерийлерін жариялау арқылы сабақ тақырыбына өту.
Оқушылармен аргументтердің қосындысы мен айырмасының тригонометриялық функцияларының формулаларын қайталау.
Сауалнама қолдануға болады.
35 минут
Оқушыларды топтарға біріктіріңіз, А3 парақтарын таратып, әрбір топқа өз бетімен екі еселі аргументтің тригонометриялық формулаларының бірін қорытып шығаруды ұсыныңыз. Мысалы, № 1 топ формуласын қорытып шығарады.
Осы әрекетті орындауға, формуланы қорытып шығаруға 5 минут уақыт беріңіз. Содан кейін барлық постерлерді магнитті тақтаға немесе сурет галереясындағыдай, әр оқушы дәптерге қарап, жазба жасай алатындай етіп іліңіз. Содан кейін әрбір формуланы қорытып шығару жолы бойынша топ мүшелерін тыңдау қажет. Бұл жұмысты орындау үшін сізде 15 минут уақыт жұмсалады.
Өтілген мәліметті бекіту.
Әр оқушы келесі тапсырмаларды орындайды. Осыдан кейін өзін-өзі тексеруді ұйымдастырыңыз.