Сабақ тақырыбы: Web-жобалау Сайтты жоспарлау



бет1/2
Дата06.01.2023
өлшемі25,07 Kb.
#60527
түріСабақ
  1   2

Курс тақырыбы: Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру
Сабақ тақырыбы: Web-жобалау



        1. Сайтты жоспарлау

Вeб-сайт – бұл әлемнің кішкентай моделі. Алдыңғы кезде вeб-сайтты бір адам ( вeб-мастер) жасаған болса, қазіргі кезде вeб-сайтты бірнеше адам жасайды. Web-сайт жасаумен кәсіби тұрғыдан веб-программалаушылар, веб-дизайнер, IT-мамандар айналысады. Бүгінгі таңда кез келген компьютер пайдаланушы қарапайым сайт жасуға арналған дайын шаблондар көмегімен интернетте өз сайтын жасай алады.
Web-сайтты жобалау кезінде сайттың көлемі, функционалдығы және т.б.с.с. жоспарлай білу керек.


Сайтты жоспарлау кезеңдері:
Сайтты қандай мақсатта жасайтынымызды анықтау;
Сайтта қандай ақпарат орналастыру керектігін анықтау;
Қажетті ақпаратты жинақтау;
​Сайттың дизайнын белгілеу;
​Сайттың логикалық құрылымын дайындау;
​Сайттың физикалық құрылымын ойластыру, яғни сайтты құрайтын бөлек файлдарды бумаларға бөліп алуды жоспарлау;
2. Сайтты құру мақсаттары
Жобалауда сайттың мағынасын, мақсаттарын, оның көмегімен шешуге болатын тапсырмаларды , ол арналған аудиторияны ойластырып алу керек.
Сайттың мақсаты оның концепциясынан орындалу уақыты мен бар ресурстарымен ажыратылады. Мақсат сіз белгілеген әрекеттердің қашан, қандай деңгейде орындалатынын көрсетеді.
Сайттың құрылу мақсаттарын ойластырып, оны жазып алу сіздің сайттың көмегімен шешкелі отырған есептеріңіз үшін керек. Дұрыс,нақты қойылған мақсат сіздің сайтыңызды эффективті құралға айналдырады.
Тапсырма 1. Өзіңіздің сайттарыңыздың мақсаттарын құрыңыз, мысалы, сіз құрғалы отырған сайттың немесе сайт-визитканың. Енді сіздің сайтыңызға құрған мақсаттарды сраптаңыз.
3. Концептуалды жобалау
Кейде сайттың эффективтілігін бағалау қиын болады. Сайттың жақсы екендігін білу үшін қай критериді қолдану керек. Сайттың эффективтілігін сипаттайтын әмбебап критери бар. Бұл сайтты құрасытрушылардың олардың алдарына қойылған мақсаттарының жетістігі. Концептуалды жобалау сайттың мақсаттарын көрсету үшін және ол есептелген аудиторияны анықтауға арналған. Бұл этапта келесілерді сипаттау керек:
• Негізгі және қосымша мақсаттар.
• Қойылған мақсаттарға жету үшін орындалатын әрекет.
• Қолданушылар құрамы.
• Қолданушы топтарының қызығушылықтары.
• Сайттың бөлімдері.
• Мақсатқа жету критерилері.
Қойылған мақсаттардың және қолданушының қызығушылықтырының арқасында сайтта орналасатын бөлімдер мен сервистердің тізімін аламыз.
3.1. Логикалық жобалау
Алдыңғы этапта ойластырылған сайт бөлімдері әзірше реттелмеген және құрылымдалмаған, сол үшін оларды түсінікті және ыңғайлы түрге келтіру керек. Логикалық жобалау сайттағы ақпаратты ұйымдастырудан, оның құрылымын құрудан және бөлімдер бойынша навигациядан тұрады. Ақпараттар түрлі реттелуі мүмкін: уақыт, бөлім,алфавитті рет, топтар және критерилер бойынша.Әуендік топтың сайтына бір әуенді іздеуді алфавитті көрсеткіш бойынша, альбомның аты,әуеннің бірінші қатарымен, шыққан жылы және кілттік сөздер бойынша жасауға болады. Бұл этапта келесілерді сипаттау керек:
• Сайт құрылымының типі (сызықты,иерархиялық,контекстік,басқа).
• Бөлімдер аты.
• Әр бөлімінң құрамында не болады.
• Бөлімдердің ұйымдасуы және олардың арасындағы байланыс.
• Сайттың анықталған беттерінде қандай ақпарат болады.
Логикалық жобалаудың соңғы нәтижесі блок-сызба,құрылымдық диаграммалар немесе сайттың әр бөліктерінің байланысын көрсететін әдістермен беріледі.
3.2. Физикалық жобалау
Сайттың техникалық іске асуымен байланысқан мәселелерді шешу емес, оларды табу этапы. Бұл этапта келесілерді сипаттау керек:
• Сайтта қолданылатын технологиялар.
• Қолданылып жатқан бағдарламалық қамтама.
• Мүмкін болатын мәселелер және оларды жою әдістері.
• Ақпарат қалай жаңарады.
Бұл этапты аяқтағаннан кейін концептуалды жобалауға қайта оралып, өзгеріс енгізудің қажеттілігін тексеру керек. Егер сайтта деректер қорын қолдану және деректерге CGI көмегімен қол жеткізу жобаланса, онда таңдалған технологиялаорды қолдайтын хостинг туралы ойлану керек. Концептуалды жобалауға қайта отырып, біз өзімізге нақты бір ақша құртып, есесіне қосымша мүмкіндіктерді ала отырып, сайтты тығыз хостинге орналастыру керектігіне мақсат қоямыз. Немесе тегін хостинг алеміне кіру мақсаиын қабылдаймыз.
4.Сайттарды жобалаудың ерекшеліктері
Сайттың ақпараттық толтырылуын және навигация құралдарын жобалауда адамның ақпаратты қабылдауына негізделген төрт базалық принципке негізделу керек:
• Белгілеулерді қолдану.
• Орындылық.
• Біркелкілік.
• Бөліктерге бөлу.
Бұл принциптерге түсініктеме берейік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет