Сабақ тақырыбы: §



бет12/102
Дата28.11.2022
өлшемі18,15 Mb.
#53300
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   102
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ток генераторы деп энергияның қандай да бір түрін электр энергиясына айналдыратын қондырғыны айтады. Индукциялық ток генераторының негізгі бөліктері:
1. Индуктор – магнит өрісін тудыратын қондырғы;
2. Якорь – ЭҚК индукцияланатын орама;
3. Щеткалар мен сақиналар – айналып тұрған бөліктерден индукциялық токты шығарып алатын немесе электромагниттерге қоректенетін ток беретін қондырғылар.

Тұрақты ток айнымалы токты түзету арқылы немесе тұрақты токтың генераторынан алынады.Тұрақты ток генераторлары айнымалы ток генераторлар сияқты жұмыс істейді. Бірақ бір айырмашылығы – тұрақты ток генераторларында коллектор деп аталатын қондырғы бар. Якорьдың ұштарын оңашаланған сақиналарға емес, изоляциялаушы материалдармен бөлінген екі жарты сақинаға жалғайды. Олар ортақы бір цилиндрге кигізіліп, якорьмен бір осьтен айналады.

Жарты сақиналарға жабысып тұрған щеткалар арқылы ток сыртқы тізбекке шығарылады. Рам әрбір жарты айналым жасаған сайын токтың бағыты қарама-қарсы бағытқа өзгереді. Ал, бірақ жарты сақиналарға дәнекерленген раманың ұштары әрбір жарты айналым сайын бір щекткадан екінші щеткаға ауысып отырады. Осының нәтижесінде щеткалардың бірі үнемі генератордың оң полюсі болса, екіншісі теріс полюсі болып табылады.
Сыртқы тізбектегі ток өзінің бағытын өзгертпейді, бірақ оның шамасы периодты түрде нөлден максимумға дейін өзгеріп отырады. Мұны тура лүпілдеуші ток деп аталады.осыған сәйкес генератордың қысқыштарындағы кернеу де лүпілдеп өзгеріп отырады


IV. Пысықтау.

  1. Айнымалы токтың генераторының жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер.

  2. Айнымалы токтың генераторы қандай негізгі бөліктерлен тұрады?

  3. Генератордың жұмысында ротор мен статор қандай роль атқарады?

  4. Көп полюсті айнымалы ток генераторының қандай артықшылықтары бар?

  5. Генераторда өндірілген индукциялық токты сыртқы тізбекке қалай шығаруға болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет