Бір нүктеге жинақталатын сәулелердің дифракциясын түсіндіріңдер.
Параллель сәулелердегі дифракцияны түсіндіріңдер.
Оптикалық аспаптардың айыру қабілеттілігі дегенді қалай түсінесіңдер.
Дифракциялық тор дегеніміз не?
Дифракциялық тордың периоды дегеніміз не?
Жарық толқынының ұзындығын қалай анықтаймыз?
V. Есептер шығару. №4.5.1, №4.5.3
VІ. Үйге тапсырма. §§4.4. 4.5. №4.5.2, №4.5.4.
VІІ. Қорытындылау. Бағалау. №.... 11 «А» сыныбы ....................................... Зертханалық жұмыс №2. Тақырыбы: Жарықтың интерференциясын және дифракциясын бақылау.
Мақсаты: интерференция және дифракция құбылыстарын бақылау.
Сабақ түрі:зертханалық жұмыс
Сабақ әдісі: аралас, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: шыны пластиналар -2, қыздыру қылы түзу шам, жарықтанжаралған фотопленка, ұстараның жүзі.(жарық көзі,саңлауы бар қалқа,жіңішке шынытүтіктер,капрон матаның қиығы,штангенциркуль,CD диск)
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар: ІІІ. Жұмыс барысы:
Жарықтың интерференциясын бақылау. Екі шыны пластинааны мұқият сүртіп, еекеуін қосып, оларды саусақпен қысыңдар.
ІV. Қорытындылау: қорытынды жазу VІ. Үйге тапсырма. Қайталау. №1 Бақылау жұмысына дайындалып келу.
Пайдаланған әдебиеттер:физика пәнінен зертханалық және тәжірибелік жұмыстарға арналған дәптер,оқулық.
Тексерілді:....................
11-сынып. Күні: 15.11.12ж
Сабақ тақырыбы: §§4.6, 4.7. Жарықтың дисперсиясы. Жарық поляризациясы.
§4.8. Геометриялық оптика. Жарықтың түзусызықты таралуы. Көлеңке, сағым, тұтылу. Жарықтың жылдамдығын эксперимент жүзінде анықтау.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға дисперсия, поляризация құбылысы туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.