11-сынып. Күні: 22.11.12ж
Сабақ тақырыбы: §4.11. §4.12. Линзалар. Жұқа линза формуласы.Оптикалық аспаптар.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға линзалар, олардың негізгі ұғымдары мен сипаттамалары, жұқа линза формуласы, линзаның оптикалық күші, линзаларпда кескіндер тұрғызу, линзаның ұлғайтуы, сфералық аберрация, хроматтық аберрация, астигматизм, дисторсия туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми
дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі:аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар:компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар: Жарықтың шағылуы дегеніміз не? Ол қандай заңдарға бағынады?